Қаржылық көмек нәтиже беруде

Соңғы бес жыл ішінде ауыл шаруашылығын қолдау қорының қаржылық көмегі арқасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жыл сайынғы өнім көлемі төрт есеге ұлғайған.

Өткен жылы қор екі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты – агроөнеркәсіп кешенін дамыту және жұмыспен қамтамасыз ету мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары. Қордың және жеке инвесторлардың көмегімен 2017 жылы 2,2 миллиард теңге көлемінде 567 займ берілді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемінің өсімі 740 миллион теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы жобаларын несиелеу бойынша қор қызметіндегі негізгі екпін Елбасының ұсақ тауарлы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамытып, біріктіру жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.
Бүгінгі күні Қор «Ынтымақ», «Береке», «Игілік», «Ырыс», «Егінжай», «Кәсіпкер» бағдарламалары бойынша қаржылық қолдау көрсетуде. Бұлардың займ сомасы орташа алғанда 4 миллионға жуық, займ мерзімі – 7 жылға дейін, тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылына 6,7 пайызды құрайды және жеңілдікті кезең 2 жылға дейін.
Қордың несиелеу бағдарламалары ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдері мен азықтарды, отбасылық мал семіртетін алаңдарды, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды сатып алу және өсіру, отбасылық сүт-тауарлы фермалар кооперативтерін құру мен дамытуға бағытталған.
Құрылған кооперативтер ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау мен дайындау міндетіне кірісіп те кетті. Сонымен, Акмола облысының Зеренді ауданында «Енбек-Н-2017» АШӨК ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қорының несие қаражаты көмегімен модульдік сүт бекеті орнатылды. Бұдан басқа, кооперативтің 24 мүшесі аналық қара малдың 227 басын алуға жеңілдікті несиелер алды. 2018 жылы кооператив өздігінше өнімдерді өңдеумен айналысуды жос-парлап отыр, ол үшін мемлекеттік қолдауға тағы да жүгіну қажет болады.
Жалпы өткен жылы Қордың Ақмола филиалымен сүт қабылдаудың 18 бекеті мен 1 мал соятын орын қаржыландырылды, семірту үшін 3 мыңнан аса қара мал, отбасылық сүт фермалары үшін 2,8 мың қара мал, 9 сүт таситын машина және 1 рефрижератор сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша белсенді жұмыс басталғанына бір жылдан аса уақыт болса да, біріктірілген ұсақ тауарлы шаруашылықтардың саны айтарлықтай ұлғайды. Қордың қатысуымен облысымызда 186 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктірген 35 кооператив құрылды. Олардың қаржыландырылуына 604 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді.
Жалпы алғанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша бүгінгі күні елімізде құрылған кооперативтермен 100 мың тонна сүт, 15 мың тонна ет, 20 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері, 1 мың тонна құс еті, 31 тонна ешкі сүті, 19 тонна бал шығарылды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауылды мекендейтін тұрғындарды қаржыландыру жұмысы келесі жылы да жалғасын табады. 45 миллиард теңгеден астам қаражат көлемінде зайымдар беру жоспарлануда. Кооперацияны дамытуға, сонымен қатар, жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру жұмысы жалғастырылатын болады.
Абзал КЕНЖЕАХМЕТОВ,
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорының орынбасары.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *