Қиындықтарды жеңетін әлеует бар

Елбасы Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында адамзат жаңа индустриалды революция дәуіріне қадам басып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстанға өзінің іс-қимыл стратегиясын әзірлеуге көмектесетін 10 негізгі міндетті айқындап берді.

Бұл мүлдем жаңа қадам. Ұлт Көшбасшысы еліміздің дамуының жаңа деңгейіне қол жеткізуге және әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді жеделдетуге көмектесетін «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ұсынды.
Бұл – жаңа технологияларды енгізу жолымен өндірістік процестерді цифрландыру, ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімділігі және қаржы секторын қалпына келтіру. Ең бастысы, бұл міндеттерді шешу бірінші кезекте халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған және біздің қоғамның өзекті қажеттіліктерін айқындау болып табылады.
Елбасы бізді, яғни, қазақстандықтарды, жаңа мүмкіндіктерді іздестіру мен іске асыруға шақырады. Оның негізіне адами капитал таңдап алынған. Адам осыған өзінің күш-жігерін жұмсауы үшін мемлекет мүддесі мен отбасы игілігін қатар ойлауы керек.
Әлем бір орында тұрмайды. Жаңа технологиялардың арқасында ол әр минут сайын өзгеріп отырады. Бүгінде Қазақстанның деңгейі жоғары болуы үшін тың өзгерістер мен өнеркәсіптік революция қажет. Біз, қазақстандықтар, барлық қиындықтарды жеңе отырып, алдымызға қойылған міндеттерді шешетінімізге сенімдімін.
Валерий СИМЧУК,
Ақмола облыстық
мәслихатының депутаты.
Ақкөл ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *