Үйлерге жарық беріледі

Астананың іргесіндегі Талапкер ауылында электр қуатымен жабдықтаудың жаңа қосалқы стансасы пайдалануға берілді.

Қуаты 110/35/10 кВ жаңа қосалқы станса қазіргі заманғы технология бойынша жабдықталған. Қазіргі кезде ол тестілік режимде 72 сағат бойы жұмыс істейді. Сынақтан өткеннен соң электрмен жабдықтау желілері кезең-кезеңімен қосылатын болады. Бірінші кезекте 70 үй жарықсыз отырған шағын аудандағы тұрғын үйлер қосылады. Аталмыш жоба Астана қаласы маңындағы елді мекендерді дамытудың кешендік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Жобаның жалпы құны шамамен
3 миллиард теңгені құрайды. Жаңа қосалқы станцияға 5 мыңнан астам абонентті қосуға мүмкіндік бар.
Аслан ОСПАНОВ.
Целиноград ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *