Үміт үзбеу керек

Туберкулез – ежелгі дерт және онымен күресу Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысындағы басты бағыттардың бірі. Заманауи туберкулез өткен ғасырдың романдарында сипатталған туберкулезге ұқсас емес. Ертеде бұл дертке адамдардың нақты бір категориясы: әлеуметтік қорғалмағандар, нашар тұрмыстық жағдайларда, тіпті баспанасыз далада тұрып жатқандар шалдығатын еді.

Бұл факторлар қазір де туберкулездің дамуына кері әсер етеді. Алайда, қазір туберкулезге кез-келген адам, яғни, материалдық табысы жақсы бай адамдар да, салауатты өмір салтын ұстанатындар да дертке шалдығуы мүмкін.
Туберкулез таяқшасы біздің күресу әдісімізге бейімделіп, одан бетер агрессивті бола түсті. Онымен күрес жүргізген кезде қарсы қорғанысты қалыптастырып алды. Алғашқы туберкулезге қарсы препарат 50 жыл бұрын жасалды. Біз «қазір туберкулез» жайлы сөз қозғағанда, оның бүгінгі таңда әйгілі препараттармен емделінетін жай ғана туберкулез емес екенін, сонымен қатар, бірқатар дәрілік препараттар әсер етпейтін көп дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез (мультирезистентті туберкулез) екенін түсінеміз, оның ең ауыр түрі – барлық препараттарға кең таралған тұрақтылығы бар туберкулез.
Бүгінгі таңда медицинадағы жаңа бағыт –АИВ-пен араласқан туберкулез жұқпасын диагностикалау және емдеу деп біліңіз. АИВ жұқпасы бар адамдарда иммунитет қорғанысының төмендеуіне байланысты, туберкулез сырқатымен ауыру қаупі жоғары болып келеді. АИВ жұқпасы бар адамдардың қайтыс болуының негізгі себептерінің бірі – туберкулез. Өкінішке орай, АИВ жұқпасы бар адам жай туберкулезге қарағанда, мультирезистентті туберкулезді жиі жұқтыруы мүмкін. Сондықтан да, осындай пациенттер ерекше есепке алынады. Қазіргі таңда, туберкулезді диагностикалаудың және емдеудің жылдамдатылған, заманауи әдістерінің арқасында сырқаттану мен қайтыс болу деңгейінің азаюына қол жеткіздік. Бірақ, туберкулездің тұрақты формаларының өсуі байқалуда. Бұл экономикалық қиындық, себебі, мультирезистентті туберкулезі бар пациенттерді емдеуге кеткен шығындар сырқаттың қарапайым формасын емдеуге кеткен қаражаттардан 100 есе асып түседі. Біздің дәрігерлер арнайы зерттеу орталықтарында оқытылады. Терапияның қажетті схемасын диаг-
ностикалау және анықтау үшін бұрында үш күнге дейін уақыт кететін, ал, қазір – бірнеше сағат. Туберкулездің мультирезистентті формасы екі жылға жуық емделеді. Бір мезетте бестен жеті препаратқа дейін қабылдау қажет. Соңғы кездері емдеу режимін сақтауға деген талаптар өсті. Емдеу барысында алғашқы медициналық көмек көрсету деңгейінен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығына дейін барлық медициналық мамандар жұмылдырылған. Негізгі мақсат – емдеу барысында науқасты «жоғалтып» алмау. Пациентіміздің туберкулез микобактерия-
сын бөлуін тоқтату жеткілікті емес, оны толық сауығуға дейін жеткізу керек. Пациент емін әрі қарай жалғастыру үшін үйге кеткен кезде, жақын медициналық ұйымына есепке тұруы керек. Оған күн сайын медициналық қызметінің бақылауымен қабылдауы қажет препараттар беріледі. Медицина қызметкері дәріні науқастардың қолына беріп оны толық жұтқанға дейін бақылап тұрады, өйткені, пациенттердің көпшілігі дәріні жұтпауға тырысады. Сондықтан да, ем «бақыланатын» деп аталады. Әрине, тәртіпті пациенттер де бар, алайда, олар да препараттарды медицина қызметкерінің көзінше қабылдайды. Мұндай қатаң ережелер туберкулездің таралу қаупінен туындаған. Мұндай практика әлемнің барлық жақсы дамыған елдерінде бар.
Туберкулезге қарсы күрес препараттарының қабылдауы әдетте ауыр жағымсыз әсерлермен ілеседі. Бұл дәрі жылдам жеңілдету әкелетін жағдай емес. Ал енді, пациент дәрілерді екі жыл бойы қинала қабылдауы қажет екендігін елестетіңіздерші, сонда дәрілерді қабылдау туралы бір ғана ой неге күйзелісті тудыратынын түсінесіздер. Өкінішке орай, басқа жол жоқ. Емнің бір күндік үзілісі емделу мерзімнің саналуын қайтадан бастау қажет екендігін білдіреді. Емге шыдау қиын. Туберкулездің сәтті емі адамдардың денсаулығына, қоғамның қолдауына, түсінігіне байланысты, егер пациент сауықса, оның жақындары қауіпсіз болады. Пациенттер көп жағдайда «ауыр» дәрілерді қабылдаудан қорқып, емделуден бас тартады. Адам неғұрлым дұрыс емделсе, емделу курсы қысқа болады, ал, бауыр соғұрлым аз зардап шегеді. Бауыр жасушалары регенерацияға, яғни, қалпына келуге бейімді. Егер пациент дәрі қабылдаумен бірге үнемі ішімдікті қабылдаса, темекі шексе, оның бауыры жылдамырақ «тозатыны» белгілі. Түрмеде инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары. Басты қиындық – түрмеден босатылған науқастардың 60 пайызы ғана бостандықта медицина қызметкеріне емін жалғастыру үшін келеді. Қалғандары «жоқ болып кетеді».
Алайда, үнемі режимнің бұзылуына байланысты, күштеп емдеу туралы мәселені қозғауға тура келеді. Күштеп емдеуден қорқып, оны бір келеңсіздікке балаудың еш негізі жоқ. Бәрі де адамның, қоғамның, ұлттың саулығы үшін жасалып жатқан шаралар деп ұғынуымыз қажет. Респуб-
ликада туберкулезбен науқастарды күштеп емдеу үшін 550 төсек-орынды 17 мамандандырылған бөлімшелері ашылды. Біздің Ақмола облысында облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансердің Мариновка өкпе-терапиялық бөлімшесі орналасқан. Мұнда келіп түсетін барлық науқастарды күштеп емдеу туралы сот шешімі бар. Осындай бөлімшелер сырқатпен күрестің тиімділігін едәуір арттырды.
Туберкулез сияқты ауыр дерттің емделуі өте ұзақ. Айта кету керек, Мариновкада емделетін пациенттер емделуге бейім топқа жатпайды, яғни, олардың психикалық және тәртіптік ауытқуы өз тәртібіне сынмен қарауға және емді үйде адекватты жалғастыруға мүмкіндік бермейді. Біз бұл дертпен қоғам болып күресуіміз керек. Бір ғана мысал, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы көрсеткіштері бойынша жыл сайын әлемде шамамен 8,6 миллион адам туберкулезбен сырқаттанады, ал 1,3 миллион адам одан қайтыс болады. Туберкулезбен күресудің қиындықтарын ескере отырып, еліміздің үкіметі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бойынша Кешенді жоспарды қабылдады. Жалпы соңғы 10 жылда елімізде туберкулез сырқатының көрсеткіші екі есе, ал, қайтыс болу 73 пайызға төмендетілді. Бүгін туберкулездің емделетінін сенімдікпен айта аламыз, диагностикалау және емдеу әдісі әр азаматқа қол жетімді, әрі тиімді. Туберкулезбен күрестің Ұлттық бағдарламасы өз алдына зор мақсатты қояды. Олар ең алдымен туберкулездің дәрілік тұрақтылығы бар формасының таралуын азайтуға бағытталған.

Галина МЕЛЬНИКОВА,
Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің
Мариновка бөлімшесінің меңгерушісі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *