Үздік үштіктен көрінді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастарды спортқа баулу мақсатында футзал жарысынан студенттер лигасының аймақтық ойындары болып өтті. Аталмыш спорт сайысында Көкшетау қаласындағы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Жарысқа тоғыз команда қатысты. Командалар екі топқа бөлінді. А-тобынан аталмыш колледж ойыншылары 1-ші орынға шықты.
Финалда Көкшетау қаласындағы техникалық институттың құрама командасымен кездесті. Ойын тартымды және қызықты болды. Есеп тепе-тең түсіп, жанкүйерлер атойлап қуанып жатқанда, ойынның соңғы сәтінде колледж құрамасы өз қарсыластарынан бір-ақ ұпайға есе жіберіп алып, ұтылды.
ІІІ орын жүлдесі сарапқа салынып, колледж құрамасы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Серпін» командасымен жолықты. Ойын тең ойналды. Есеп 1:1. Жарыстың соныңда екі команда кезектесіп 7 метрден соққы жасады. Біздің оқушыларымыз жақсы ойын көрсетіп, үздік үштіктен көрініп, жүлделі орынға ие болды.

Абылай ШАМЕНОВ,
Көкшетау қаласындағы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің оқытушысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *