Ұлт болашағына бағытталған бастама

Ұлтымыздың тарихында 2017 жыл елеулі тарихи оқиғамен енбекші. Бұл оқиғаға дүйім көпшілік назар аударып, жанға жағымды жаңалықты жұртшылық бар ынта-шынтасымен қолдады. Жалпақ жұртты елең еткізе түсірген айтулы оқиға – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша латын әліпбиіне көшу мәселесі еді.

Бұл мәселе шынтуайтында ұлтымыздың тағдырына, ұрпағымыздың болашағына, тәуелсіз еліміздің ертеңгі күніне тікелей байланысты дүние. Осы бастаманың негізі туралы Елбасымыз 2012 жылдың желтоқсан айында жария болған «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап ұлттық жазуымыз латын әліпбиіне көшеді» деп анықтап берген болатын. «Көз қорқақ, қол батыр» демей ме дана халқымыз. Әуел баста қиын болып көрінген бұл жоспар Елбасымыздың үстіміздегі жылдың сәуір
айында Үкіметке берген тапсырмасынан кейін айрықша ыждаһаттылықпен қолға алынды. Соның нәтижесінде төл тілімізді латын графикасына негіздеуге жауапты тұлғалар бекітіліп, арнайы комиссия жұмыс істеді.
Алғашқы нұсқа қоғамдық талқыға түскен кезде ұлт болашағына жауапкершілікпен қарайтын тұлғалар ерекше белсенділік танытты. Комиссияға жүздеген ұсыныс-пікірлер түсті. Бұлай болуы заңды еді. Өйткені, ұрпағының болашағын ойлайтын ұлт зиялылары, тіл мамандары, жекелеген тұлғалар барынша жауапкершілік танытып, ауқымды іске өз үлестерін қосты.
Ресми ұсынылған екінші нұсқада қазақ тілінің төл дыбыстары мен кейбір универсал дыбыстар үтір дәйекшелі, яғни, апострофпен таңбаланды. Байыптан қарайтұғын болсақ, әліпбиі нұсқасының үштен бірі апострофқа негізделіп отыр.
Тіліміз анық, жазуымыз ұтымды болуы үшін ғалымдар да, жалпы жұртшылық та ортақ мәмілеге келіп, тарихи таңдауларын жасады. Ал, өткен жылдың жұрт жадында сақталатын бір тұсы осы, әрі қазақ халқының болашағы үшін жасалған нық та берік қадам. Уақыт сахнасынан жылжып, тарихи жылнаманың қойнауына еніп бара жатқан өткен жылдың еліміздің рухани әлеміне сыйлаған соқталы сыбағасы осы деп білемін.
Жаңа жыл барша қауымға құт-береке әкелсін. Алдағы жылы осы басталған ісімізді баянды етелік. Сонда рухани әлеміміз бұлақ суындай тазарып, тұтқырланған тіліміз еркін сөйлейтін болады. Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын!

Лайс ҚАПЕЗҰЛЫ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі.

 

Ult bolas’ag’yna bag’yttalg’an bastama

Ultymyzdyn’ tari’hynda 2017 jyl eley’lі tari’hi’ oqi’g’amen enbeks’і. Bul oqi’g’ag’a du’i’іm ko’ps’іlіk nazar ay’daryp, jang’a jag’ymdy jan’alyqty jurts’ylyq bar ynta-s’yntasymen qoldady. Jalpaq jurtty elen’ etkіze tu’sіrgen ai’ty’ly oqi’g’a – Elbasy Nursultan Nazarbaevtyn’ bastamasy boi’yns’a latyn a’lіpbi’іne ko’s’y’ ma’selesі edі.

Bul ma’sele s’ynty’ai’tynda ultymyzdyn’ tag’dyryna, urpag’ymyzdyn’ bolas’ag’yna, ta’y’elsіz elіmіzdіn’ erten’gі ku’nіne tіkelei’ bai’lanysty du’ni’e. Osy bastamanyn’ negіzі ty’raly Elbasymyz 2012 jyldyn’ jeltoqsan ai’ynda jari’i’a bolg’an «Qazaqstan-2050» Strategi’i’asynda «2025 jyldan bastap ulttyq jazy’ymyz latyn a’lіpbi’іne ko’s’edі» dep anyqtap bergen bolatyn. «Ko’z qorqaq, qol batyr» demei’ me dana halqymyz. A’y’el basta qi’yn bolyp ko’rіngen bul jospar Elbasymyzdyn’ u’stіmіzdegі jyldyn’ sa’y’іr ai’ynda U’kіmetke bergen tapsyrmasynan kei’іn ai’ryqs’a yjdaһattylyqpen qolg’a alyndy. Sonyn’ na’ti’jesіnde to’l tіlіmіzdі latyn grafi’kasyna negіzdey’ge jay’apty tulg’alar bekіtіlіp, arnai’y komi’ssi’i’a jumys іstedі.
Alg’as’qy nusqa qog’amdyq talqyg’a tu’sken kezde ult bolas’ag’yna jay’apkers’іlіkpen qarai’tyn tulg’alar ereks’e belsendіlіk tanytty. Komi’ssi’i’ag’a ju’zdegen usynys-pіkіrler tu’stі. Bulai’ boly’y zan’dy edі. O’i’tkenі, urpag’ynyn’ bolas’ag’yn oi’lai’tyn ult zi’i’alylary, tіl mamandary, jekelegen tulg’alar baryns’a jay’apkers’іlіk tanytyp, ay’qymdy іske o’z u’lesterіn qosty.
Resmi’ usynylg’an ekіns’і nusqada qazaq tіlіnіn’ to’l dybystary men kei’bіr y’ni’versal dybystar u’tіr da’i’eks’elі, i’ag’ni’ apostrofpen tan’balandy. Bai’yptan qarai’tug’yn bolsaq, a’lіpbi’і nusqasynyn’ u’s’ten bіrі apostrofqa negіzdelіp otyr.
Tіlіmіz anyq, jazy’ymyz utymdy boly’y u’s’іn g’alymdar da, jalpy jurts’ylyq ta ortaq ma’mіlege kelіp, tari’hi’ tan’day’laryn jasady. Al, o’tken jyldyn’ jurt jadynda saqtalatyn bіr tusy osy, a’rі qazaq halqynyn’ bolas’ag’y u’s’іn jasalg’an nyq ta berіk qadam. Y’aqyt sahnasynan jyljyp, tari’hi’ jylnamanyn’ qoi’nay’yna enіp bara jatqan o’tken jyldyn’ elіmіzdіn’ ry’hani’ a’lemіne syi’lag’an soqtaly sybag’asy osy dep bіlemіn.
Jan’a jyl bars’a qay’ymg’a qut-bereke a’kelsіn. Aldag’y jyly osy bastalg’an іsіmіzdі bai’andy etelіk. Sonda ry’hani’ a’lemіmіz bulaq sy’yndai’ tazaryp, tutqyrlang’an tіlіmіz erkіn so’i’lei’tіn bolady. Jan’a jyl qutty bolsyn, ardaqty ag’ai’yn!

Lai’s QAPEZULY,
S’.Y’a’li’hanov atyndag’y Ko’ks’etay’ memlekettіk y’ni’versi’tetіnіn’ ag’a oqyty’s’ysy, gy’mani’tarlyq g’ylymdar magi’strі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *