Ұлттық мейрамдардың ұлағаты мол

Көкшетау қаласындағы «Арман» бала бақшасы үшін наурыз айы әртүрлі ертеңгіліктер, ашық сабақтар мен өнер сайыстарына толы болды. Соның алғашқылары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінен бастау алды.

Осы орайда, алдымен, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілген «Ару ана – 2018» байқауын айтар едік. Бұл сайысты «Балапан» тобының тәрбиешісі Лаура Ауғапасова ұйымдастырып, осында тәрбиеленетін бүлдіршіндердің Диана Малдыбаева, Айнагүл Хасенова, Әсемгүл Тоқанова және Динара Сақтағанова сияқты аналары қатысты. Бес бөлімнен тұратын са-
йыста үміткерлер өздерін таныстырып, қолынан келген өнерлерін ортаға салып, аспаздық шеберліктерін көрсетті және қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты қойылған сауалдарға жауап беріп, құнсыз заттан жасаған киім үлгілерін назарымызға ұсынды. Сайыс өте жоғары деңгейде, қызықты өтті. Сөйтіп, қазылар алқасының шешімі бойынша Айнагүл Хасенова байқау жеңімпазы атанды.
Наурыз мейрамына арналған балалар ертеңгілігінен де бала бақша басшысы, ұлағатты ұстаз Айсұлу Шәймерденованың өз ұжымын игілікті істерге бастап, бүгінгі күннің өскелең талабын жете ұғындырып келе жатқандығы жақсы аңғарылды. Жалпы, осында қызмет атқаратын әдіскерлер Айнагүл Бекбасарова, Айбарша Ысмағұлова, музыка жетекшісі Гүлсінай Қарақбай, дене шынықтыру жетекшісі Айгүл Мәдиева, тағы басқаларының жұмыстарына қарап, мұнда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие бере алатын ұйымшыл ұжымның іргетасы қаланғанына айқын көзіміз жетіп келеді. Бала бақшадағы жақсы істердің ұйытқысы болып жүретін «Балапан» тобының тәрбиешілері Лаура Ауғапасова мен Алтынгүл Мамринаға да алғысымыз шексіз. Бұл топтағы бүлдіршіндер айтқанды тыңдау, амандасу, әдепті болу тұрғысында өмірде керек біраз жайларды қазірдің өзінде ептеп біліп қалды.
Осындай жан-жақты тәрбие жұмыстарымен көрініп отырған бала бақша ұжымына алда да жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.
Диана МАЛДЫБАЕВА,
ата-аналар комитетінің төрайымы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *