Әлем назарындағы тарихи сәт

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты отырысы өтті. Жиынды ашқан Мемлекет басшысы отырысқа қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы А.Гутерришке, Польша Республикасының Президенті А.Дудаға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше басқа да елдердің делегация басшыларына ризашылық білдірді.

* * *
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Елбасы Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Мемлекет басшысы баспасөз мәслихаты барысында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан-Америка қарым-қатынастарын дамытудың басым бағыттары мен келешегіне тоқталып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде айтты. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне және еліміздің әлемде ядролық қаруды таратпау ісіндегі миссиясына қатысты сауалдарға жауап берді.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *