Әр мәселеге жете көңіл бөлінді

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аймақ басшысының қабылдауына Астана, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай ауданының тұрғындары келді. Бурабай ауданының тұрғыны, зейнеткер Бикәмәл Асқарова өңір басшысынан Щучинск қаласындағы Горная көшесінің бойындағы көппәтерлі үйді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мәселесін шешіп беруді өтінді. Облыс әкімі Щучинск туристік аймақтың келешегі зор қалаларының бірі екендігін ескеріп, аталмыш мәселені өзінің жеке бақылауына алды.
Сонымен бірге, өңір тұрғындары облыс әкімінің қабылдауында баспанамен қамту, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерін алға тартып, әртүрлі саладағы жаңа жобаларды талқылады. Мысалы, «Астана конвеншн» продюссерлік компаниясының басшысы Олжас Ермекбаев Бурабай кентінде классикалық музыка фестивалін өткізу туралы ұсынысын жасады.
Қабылдау барысында Мәлік Мырзалин
тұрғындардың барлық сауалдарына жан-жақты жауап берді және лауазымды тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *