Өз ісінің шебері

Көкшетаудағы жүк көліктерін құрастыратын «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірінен саналады.

Қазіргі кезде зауытта осы заманға сай «КамАЗ» жүк көліктері мен арнайы техниканың 40-тан астам түрі құрастырылады. Зауыт құрылғаннан бері барлығы 11 мыңнан астам көлік конвейерден шыққан. Бүгінгі таңда зауытта құрастырылып шығарылған әрбір жүк көлігі тапсырыс берушілер тарапынан оң бағаланып, сұранысқа ие болуда. Бұған тұтастай зауыт ұжымының қосып отырған үлесі зор.
Осы орайда, жүк көліктерін құрастырудың шебері, слесарь Есболат Хасеновтың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Оның мұнда жұмыс істеп жатқанына көп уақыт болмаса да, өзін білікті маман ретінде танытып, жүктелген міндетті абыроймен атқаруда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *