2 тамыз – көлік қызметкерлері күні

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы

Құрметті Көлік қызметкерлері, сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке автомобиль, теміржол және авиация тасымалымен айналысатын жұмысшылар мен қызметкерлердің басын біріктіреді.
Көлік саласы әр кезде еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды сала болып табылады. Бұл саланың еліміздің, оның ішінде біздің облысымыздың дамуына тигізіп отырған ықпалы зор. Сіздердің өз жұмыстарыңызға адалдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз, шеберліктеріңіздің нәтижесінде облысымыздың көлік саласы ырғақты және үзіліссіз жұмыс істеуде.
Көлік саласын қазіргі заманғы озық құралдармен жабдықтап, жұмыс сапасын арттыру жүк және жолаушы тасымалы көлемін еселеуге игі ықпалын тигізуде. Осыған орай, жүк және жолаушы тасымалы нарығында бәсекелестік те кең өріс алып отыр.
Сіздердің бүгінгі қол жеткен жетістіктеріңізді сақтап қана қоймай, алдағы уақытта бұдан да биік көрсеткіштерге қол жеткізе беретіндіктеріңізге, сөйтіп қарқынды дамып келе жатқан облысымыздың экономикасын көтеруге өздеріңіздің сүбелі үлестеріңізді қосатындықтарыңызға сенемін.
Бар өмірін осы саланы көркейтіп, өркендетуге жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне, еңбек ардагерлеріне де айтар алғысымыз мол. Бүгінгідей кәсіби жарқын мерекелеріңіздің тұсында баршаңызға барлық игі жақсылықтарды тілеймін және сіздер бастаған жақсы істердің тамаша жалғасын тауып келе жатқандығы көңілге сенім ұялататындығын атап өткім келеді.
Қадірлі достар! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, еңбектеріңіз әрдайым жана берсін, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке-бақыт тілеймін!

 

 

Құрметті көлік қызметкерлері!
Сіздерді Көлік қызметкерлері күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Қазір көлік инфрақұрылымы, теміржол, автокөлік және авиация саласынсыз өмірді көз алдымызға елестету қиын. Бүгінгі күні бұл сала Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру арқылы сәтті даму үстінде.
Қымбатты сала қызметкерлері, бүгінгі айтулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілейміз. Отанымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлестеріңізді қоса беріңіздер!  
Сағынтай ЕЛУБАЕВ,
облыстық мәслихат хатшысы
міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар