Monthly Archives: Октябрь 2014

Ғалым тағылымы

Жақында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Қазбеков оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Серікжан жүлдемен оралды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Оралхан Бөкей атындағы XVI республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.

Академик марапатталды

Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Халықаралық экология академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Жүнісовқа 75 жасқа толуына орай, құрмет көрсетілді.

Баба рухына арналды

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы дала рухы» жобасы аясында Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған шара болып өтті.

«Әртістеріміз өнерді, осы жерді сүйеді»

Ақмола облыстық орыс драма театры директорының міндетін атқарушы
Бейбіт Бақтыгереев:

Киелі Көкше топырағында 1977 жылы негізі қаланып, алғаш Көкшетау, кейін Ақмола облыстық орыс драма театры атанған бұл өнер ордасы туралы айтылар сөз көп. Театрдың жаңа маусымы алдында ұжымды игі ізденістерге жұмылдырып отырған Бейбіт Бақтыгереевті сөзге тартқан едік.

Кеңселерде қазақ тілін жүргізу

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі  Сәкен Сейфуллиннің туғанына осы қазан айында 120 жыл толып отыр. Аз ғұмырында халқына қалтқысыз қызмет етіп кеткен дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығын, тар жол, тайғақ кешуде көрген бейнеті мен ел үшін тындырған берекелі істерін белгілі сәкентанушы қаламгерлер, жерлестеріміз: көрнекті әдебиетші Тұрсынбек Кәкішев, Амантай Кәкен жан-жақты зерттеп, жазумен  келеді.
Біз бүгін халық жадында мәңгі сақталатын қазақтың біртуар перзентінің 120 жылдық мерейтойына орай, 1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде басылған «Кеңселерде қазақ тілін жүргізу» атты мақаласын әдейілеп оқырман назарына ұсынып отырмыз. Сонау өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының өзінде «қайтсек іс қағаздарын қазақ тілінде жүргіземіз» деп тыным көрмеген Сәкеннің  бұл жазғаны бүгінгі таңда да өз өзектілілігін жоймағанын, тура осы күннің жанайқайындай болып оқылатынын оқырман өзі пайымдай жатар… 

Қалай қиып кеттің сен, жарық күнді…

Он екі-он үш жасар, әлжуаз, нәп-нәзік бала көпқабатты үйдің үшінші-төртінші қабаты аралығындағы баспалдақта анасының қойнына тығылып, бүрісіп отыр екен. Үстіндегі жағал-жағал көнетоз күртесі мен қоңыр шалбары айғыз-айғыз. Шаң. Тура тіршіліктің жас баланың жүрегін қармап қалған зілмауыр тозаңы тәрізді. Анасы бізді көріп, әжім айғыздаған жүзін бұрып әкетті. Жас шамасы елуге енді толған. Әйтпесе, одан да төмен. Мөлтілдеген қос жанарынан төмен қарай сорғалаған көз жасы терең әжімдердің сай-сайымен ағып барады.

Көргендердің қабырғасын қайыстырды

Тележәшіктегі көрініс адамның құйқасын шымырлататындай тым ащы болатын. Ол үйге іле біз де бардық.

Бұл арада әңгіме «КТК» телеарнасының Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Айзат Тұрғынбекқызының кешкі жаңалықтарда бір отбасының тұрмыс-тіршілігі туралы елді елең ете түсірген өткір сюжеті туралы болып отыр.

Айран – атамыздың атаулы асы ма?!.

Өткен сенбі күні облыс орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында және «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдында  Ерейментау мен Есіл аудандарының ауыл шаруашылығы құрылымдары жәрмеңке өткізді. Жәрмеңке – тән азығы ғана емес, жан азығы да.

Ата дәстүріміздің асыл арқауы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  «Хабар» телеарнасы арқылы берген сұхбаты үлкен ой салды.

Ілгерілеп, даму өрісі

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын ха-лыққа кеңінен түсіндіру жөніндегі рес-публикалық ақпараттық тобының жетек-шісі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары  Владимир Божко Ақмола облысында болып,  бірқатар өндірістік нысандарды аралап көріп, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Global Islamic Finance Awards ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды.

10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті. Мемлекет басшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырды.

«Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Бастапқы медико-санитарлық көмек және емдеу-профилактикалық қызмет бөлімінің басшысы,  D-O-3 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84563 теңгеден  114032  теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басшылық ету. Халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік, өңірлік және стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Шахмат, дойбыға құштар

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқар-масы  еңбек ардагерлері арасында шахмат пен дойбыдан облыстық турнир өткізді.

Жарысқа Бурабай, Бұланды, Аршалы, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласынан 16  еңбек ардагері қатысты.  Аса тартысты өткен жарыста спорт шеберлігіне үміткер көкшетаулық  А.Сақаев жеңімпаз атанды. Ал, қалған екі орынды А.Антонов (Бурабай ауданы) және Т.Мұқышев (Көкшетау қаласы) иеленді.

Дұрыс тамақтана білеміз бе?

Ұлттық салауатты тағамтану орталығы облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану – ең өзекті мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.