Monthly Archives: Март 2015

Театр үздіктері марапатталды

 Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында халықаралық театр күніне арналған салтанатты жиын өтіп, «Дарабоз – 2015» театр сыйлығымен театр үздіктері марапатталды.

 

«Айбынның» айбынды жастары

 Бұланды орта мектебінде «Айбын» әскери-патриоттық клубының ашылуы мен кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 26 жыл толуына орай арнайы мерекелік шара болып өтті. Бұл күні  аталған оқу ордасындағы «Еңбек және Даңқ» – мұражайында осы өлкенің тумасы Александр Блюмге арналған мемориалдық тақта да орнатылды.

 

Бабалар аманаты

Әдебиет және өнер мұражайында өткен облыстық филармонияның әншісі  Сәрсенбай Хасеновтің «Бабалар аманаты» атты қайырымдылық концерті Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды.

Тамылжыған жыр кеші

Облыстық филармонияда тыңдарманның жүрегіне жол тапқан танымал әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Майра Нұркенованың Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік ән кеші болып өтті.

Әңгіме арқауы – елдегі бірлік

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бір шаңырақ астында» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өтіп, ұлттық киімдер экспозициясы жұртшылық назарына ұсынылды.

Қазақ хандығы және қазақ этнонимі жайлы

Сайлау БАЙБОСЫН,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Мәртебелі мамандық

Ақмырза, Новомарковка орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесулер  ұйымдастырылды.

Жағдай жасалуда

Бүгінгі таңда ауданға Есіл ауданының «ұйқы» ауруы бел алған Калачи селосынан 12 отбасы көшірілді.

Балаларға қамқорлық

Облыстық кәсіпкерлер палатасы Еңбекшілдер аудандық  филиалының мұрындық болуымен Степняк қаласында балалардың ойын-сауық орталығы ашылмақшы.

Оқушылар қуанып қалды

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепке спорттық құрал-жабдықтар тапсырылды.

Бұл үшін облыстық бюджеттен 4 миллион теңге бөлінді. Енді, Жібек жолы ауылындағы оқушылар спорт және дене тәрбиесімен белсене айналысатын болады.

Ерлік істері ұрпаққа өнеге

«Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында аудан орталығындағы  №3 орта мектепте «Ерлік істері ұрпаққа үлгі» атты кездесу ұйымдастырылды.

Сан ұлттың әні шырқалды

 Степногорск қаласындағы №2 құрылыс-техникалық колледжінде жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Татулық – бейбітшілік кепілі» атты концерт өтті.

 

Ауданаралық сотқа 5 жыл

 Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерімен  брифинг болып өтті.

 

Газ бағасы арзандайды

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті «Реалгаз» ЖШС-інің реттелетін нарық субъектісі қызметінің бағасына сараптама жүргізді.

Тауық та табыс әкеледі

 Елімізде алғаш рет бройлерлік тауықты өсіру сонау 1969 жылы «Ижевский» кеңшарында қолға алынды.