Daily Archives: 19.05.2015

Дельфийлік ойындар мәресіне жетті

Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының VI облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Мемлекет тарихы институтының филиалы ашылды

 Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының филиалы және археология кабинеті мен этнография мұражайының салтанатты ашылуы болып өтті.

 

Ортағым, тағы ерледің!

Иә, туған ауылымыз үшін сөз жоқ, осылай шаттануымызға болады.  Бұл және әсіре мадақ емес, шынайы қуаныш сөзі. Орындалған арман, оңынан оңғарылған тілек тәубешілігі.

 

Құт қонған Қарабауыр

Үйір-үйір жылқы, табын-табын ірі қара, отар-отар қой-ешкі ұстайтын «ЖАС» шаруа қожалығының басшысы Жылқыбай Ғалиақпаров «Құлан» бағдарламасы аясында «Мұғалжар» тұқымдас жылқылар сатып алды. Алдағы уақытта кәсіпкер ірі қара мал басын 1 мыңға жеткізуді көздеп отыр.

Белсенділік танытты

Айдарлы негізгі мектебінде тарих, география, қоғамтану пәндерінің апталығы да Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды.

Үздік мектеп ассамблеялары

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен №7 агротехникалық колледжде мектеп ассамблеяларының аймақтық форумы болып өтті.

Достықтың дәнекері

«Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен жер қатынастары басқармалары «Достық кітабын» облыстық құрылыс басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармаларына салтанатты жағдайда табыс етті.

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»

Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған VІІ республикалық пәндік олимпиадалық жарыс аяқталды.

«Менің Отаным»

 

Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына  арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік-өлкетанымдық экспедициялық жасақтардың республикалық слеті болып өтті.

 

Несие сенімділеріне беріледі

Біздің мемлекетімізде Ауыл шаруашылығы министрлігінің талап-тілегімен 170-ке жуық несие серіктестігі құрылған болатын. Олардың міндеті –ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ынталы үлкенді-кішілі серіктестік ұжымдарына қаржылай көмек беру.

Сын сағаты соқты

Биылғы жылы ауданда 216 мың гектардан астам алқапта көктемгі егіс жұмысын жүргізу көзделсе, оның 192,3 мың гектарына дәнді және бұршақты дақылдар, 16,5 мың гектар алқапқа майлы дақылдар сіңіріледі. Қазір бұл жұмыс бастау алды.

Тілсіз жауды тізгіндеу үшін машық керек

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың қатысуымен Құдықағаш ауылында аумақтық «Өрт-2015»  командалық-штабтық оқу-жаттығуы  болып өтті.

Алда басты дода

 Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында «Ақмола облысының Барысы – 2015» ІV облыстық турнирі өтіп, республикалық жарыста Ақмола облысының намысын қорғайтын палуандарымыз анықталды.

 

Достықтың алтын арқауы

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен бесінші республикалық «Поющая Полония» атты поляк әндерінің фестивалі болып өтті. Шараға Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковский қатысты.

 

Жаз – жұмыс уақыты

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласының көшелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, облыс орталығын одан әрі көркейту үшін жазғы маусымның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып қалу мәселелерін пысықтады.