Monthly Archives: Август 2015

Конституциямыздың құндылығына бойлады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Ата Заңымыздың 20 жылдығына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Шерулетіп өтті

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры Конституцияның 20 жылдығына орайластырып, «ЭКСПО-2017» автошеруін өткізді.

Ардагерлер сөзі – ұлағат

Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл толуына орай, облыс орталығында аға ұрпақ өкілдері мен жастардың әсерлі кездесуі болып өтті.

Ұлттық тәрбие мәйегіне сүйенейік

Қай заманда, қандай қоғамда болсын, отбасындағы бала тәрбиесі аса өзекті мәселелердің бірі болған. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің бастапқы негізгі ұйытқысы да ата-ана болып қала беретіндігіне еш күмән жоқ.

Уақыт сынынан өткен елдігіміздің негізі

 Әлемде  «өз заңын құрметтей білген, заңына бағына білген ел ғана озады» деген дана сөз бар. Конституциямыз қабылданған күнінен бастап, тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді.

I.Мектебі жабылса, тұрғыны да тарайды

Ел ішінде осындай ұғым бар. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырға жуықтаса да, қазақ мектептерінің жағдайы әлі де жақсарып кете қойған жоқ. Әсіресе, солтүстік өңірлердегі шалғай елді мекендердегі білім ошақтарының жай-күйі алаңдарлықтай.

«Жаңа оқу жылына дайынбыз»

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Евгений ШЕЛЕНЖЕК:

Төрт құбыламыз біліммен теңеледі

Адам баласының  үш түрлі міндетінің үшеуі де оқумен байланысты.  Оның біріншісі – ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру. Оған да білім керек. Екіншісі – ұстаздық етіп, шәкірт баптау, үшіншісі – ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету. Бұл іске бәріміз бір кісідей атсалысуға тиіспіз.

Ауылдарымыз аман болсын

Кеңестер одағы ыдырап, ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстар үзілгеннен кейін сол тұста енді ғана тәуелсіздік алған бұрынғы одақ елдерінің бәрінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс белең алғандығы белгілі.

Адамға денсаулық қымбат

Біздің Ақмола облысында да  тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету ең маңызды мәселелер қатарына жатады. Бұл тұрғыда әсіресе, ауылдық жерлердегі емдеу орындарына жете көңіл бөлген абзал. Нақтырақ айтсақ,  қажетті медициналық қондырғылармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жақсарта түсуді қажет етеді. Олардың қатарында біздің №2 Ақмола облыстық аурухана  да бар.

Қара қылды қақ жарған бабаларды үлгі тұтамыз

Мемлекет басшысы өзінің сот реформасы жайлы  бұл сөздерінде соттардың демократиялық мемлекеттің негізгі құқықтық институты екендігін және әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалардың табыс-ты болуы да көп жағдайда осыған байланысты болатындығы баса айтылады.

Еңбек еткен тарықпайды

Ата Заңымыз үшін 20 жыл онша көп уақыт емес. Дегенмен, осы санаулы уақыт ішінде өзіміз куә болып, көзбен көріп, көңілмен сезініп жүрген игі өзгерістердің бәрі де Конституция-мыздан бастау алғаны ақиқат.

Өмірге іңкәрліктің бір зейнеті

«Қазақ соқырлар қоғамы» облыстық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорнында Қазақ хандығының  550 жылдығы мен ел Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік шара болып өтті.

Қазақтың қазақша сөйлейтін келінімін

Мен Ыбырай Алтынсарин, Міржақып Дулатұлы  сынды  қазақтың маңдайына біткен көрнекті тұлғалары дүниеге келген Торғай жерінде туып, өстім.  Ата-әжем де  сол қасиетті топырақта өмірге келіп,  отбасым тұрғылықты ұлтпен біте қайнасып кеткен еді. Анам маған қазақша ертегі оқып, қазақтың әндерін тамылжыта шырқайтын. Осылайша, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік менің бойымда бала кезден қалыптасып кетті.

Заңдарымыздың барлығы Конституциямыздың арқасында қадағалануда

Әлемдегі кез-келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл – сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Осыдан жиырма жыл бұрын  мемлекеттілігімізді дәлелдеген басты құқықтық құжатымыз қабылданып, еліміз жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басты.