Monthly Archives: Сентябрь 2015

«Оқжетпес» – ел кубогының иегері

Таяуда Ақтау қаласында 3х3 форматындағы баскетболдан еліміздің біріншілігі өтті. «Aktau Open Fest» фестивалінің аясында ұйымдастырылған турнирге Астана, Алматы, Көкшетау, Рудный, Атырау, Павлодар, Қостанай, Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан 14 команда қатысты. «Оқжетпес» ерлер командасы осы турнирде сәтті өнер көрсетіп, біріншілік жеңімпазы атанды.

«Сүйдім-күйдімнің» соңы сергелдең Неге?

Дерек пен дәйек

Бүгінгі таңда облысымызда 736 605 адам тұрады. Осы жылдың басынан бері 6232 сәби дүниеге келсе, оның 3200-і ұл, қалғаны қыз бала. Бала туу көрсеткіші бойынша Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай, Целиноград, Атбасар аудандары көш басында тұр. Жаңадан отау құрған жастар жиі ажырасуда. Жыл басынан бері 2186 неке тіркелсе, 1249 жұп өзара жараспай, ажырасып кеткен.

Ауылдағы еңбек мерекесі

Даланың даналығын бойына жинаған батагөй қариялар «қызмет қыл халқыңа, еленер еңбек бір күні» деуші еді. Соңғы жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Еңбек күні мерекесі өткізіле бастады.

Жанкүйерлер сенімі ақталмады

«Оқжетпестің» өз алаңындағы бұл ойынын жанкүйерлер асыға тосып еді. Өйткені, команданың соңғы ойындардағы сәтті өнері тілеулестерін де қуанта түскен. Кездесуді тамашалауға облыс әкімі, футбол жанашыры  Сергей Кулагин де келген болатын.  

Бояулар сөйлегенде…

Ақ селеулі, көделі боз даланың бетінде жермен жексен болған, бауырлай шапқан пырақ жүйткіп келеді. Бетегелі төбелер, қанша шапса да таусылып бітпейтіндей көрінетін боз дала саздауыт жерге кіршілдей қадалған шымыр тұяқтардың астында жұлдыздай зымырап ағып бара жатқан сияқты.

OTAU абоненттерінің саны 900 мыңнан асты

Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында  «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі абоненттерінің саны 914 мыңнан асты. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының  телерадиохабарлар тарату саласындағы ұлттық операторы  – «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының  өкілдері хабарлады.

Бақытты отбасылар көп болса екен

Облыс орталығындағы «Достық» үйінде «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Отбасы – тіршіліктің тірегі» атты кездесу болып өтті.

Тәрбие негізі – түзу жолда

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің Зеренді ауданында өткен көшпелі мәжілісінде теріс діни ағымдардың алдын алу мәселелері қаралды.

Құрбан айтта пейіл кең

Халқымызды әрдайым имандылыққа үндейтін Құрбан айт мерекесінде облысымызда жоғары білімнің қара шаңырағы болып саналатын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде де бірқатар діни, мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылғаны көңілге қуаныш ұялатады.

Өр Алтай өнеріне сүйсініпті

Қазыналы Алтай өңірінде қазақ драма театрларының ХХІІІ республикалық фестиваліне қатысқан Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ

Міндеттер мол жыл мәреге жақын

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірімізде «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудың  барысы қаралып, талқыланды.

Құрметті Ақмола облысының әділет саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Қос мереке мәртебесі

Еңбек күні    Машина жасаушы күні

Құрметті ақмолалықтар!

Бүркітшілер бас қосты

Өткен демалыс күндері Бурабай баурайында бүркітшілердің II халықаралық фестивалі өтіп, үздік құсбегілер анықталды. Екі күн қатарынан ұйымдастырылған дүбірлі додаға 10 мемлекеттен келген бүркітшілер бақтарын сынады. Атап айтар болсақ, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғыз Республикасы секілді алыс-жақын шетелдерден келген құсбегілер қырандарын аңға салды.

Көрмеміз — ең үздік

Жақында Шымкент қаласында ұйымдастырылған республикалық «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесінде Ақмола облысы ұсынған көрме үздік деп танылды.