Monthly Archives: Ноябрь 2015

Жетістікке толы 70 жас

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Құлыш Кенжеғалиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш болып өтті.

Мәліктануға қосылған қомақты еңбек

Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Нартұлға» сериясымен  белгілі  әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтың «Мәлік Ғабдуллин» деректі зерттеу кітабы жарық көрді.

Ерлердің аты өшпейді

Адамзат баласына алапат қырғын әкелген екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл өтсе де,  хабарсыз кеткен аталарының дерегін іздеген кейінгі ұрпақтың көңілі жай табар емес.

Көкшенің жүрегімін

 Марфуға  БЕКТЕМІРОВА

Мен ҚазҰУ-дің студентімін

Алматы студенттер қаласы. Мұнда республикамыздың барлық аймақтарынан жастар білім алады. Биыл мен оқуға түскен бір ғана Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жалпы аумағы 81 000 шаршы метр болатын 14 жайлы жатақхана бар.

Тексеріліп отырғанның артықтығы жоқ

Туберкулез дертімен адамзат баласы бірнеше ғасырдан бері таныс. Бұрындары  вавилондықтардың Хаммурапи кодексінде ерлерге өкпе  ауруына шалдыққан әйелдерімен ажырасуға рұқсат етілген деседі. Ал, Роберт Кох есімді ғалым өмір сүрген жылдары бұл ауру тіпті таралса, Еуропа елдерінде әр жетінші адам осы дерттен көз жұмған екен.

Еңбекпен шыңдалған жан

Қабанбай батыр ауылының байырғы тұрғыны Магомед Сукаловты танымайтын адам кемде-кем. Балуан тұлғалы тау халқының өкілі қазақ топырағында туып, бүкіл саналы ғұмырын өткеріп келеді. Бала жасынан еңбекке бейімделген адамның өмірден өз орнын жаза баспай табатындығы анық.

«Мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоюға ұмтыламыз»

Ақмола облыстық мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ерғали Ізтаев:

Ет сапасы жақсартылады

 

Бұдан бес жыл бұрын М. Ғабдуллин атындағы елді мекенде 2500 бас ірі қара мал күтетін репродуктор шаруашылығы жұмыс істей бастады.

 

Тұтынушылар өз құқын қорғауы тиіс

 

Ақмола Медиа орталығында облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов пен Ұлттық сараптау орталығы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Болат Есмағамбетов баспасөз мәслихатын өткізді.

 

93 студентке берілетін болды

Облыс әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындау жөніндегі комиссия мәжілісінде осы шәкіртақыға лайықтылардың тізімі бекітілді.

Өнім өңдеу саласы жолға қойылып келеді

Ауданымыз Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуіне кіреді.  Сондықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің біз үшін маңызы зор.

Болашақтың бір бастауы – балабақша

 Бала тәрбиесі – ең  ауыр әрі жауапты еңбектердің бірі. Бүгінде тәрбие беру төрткүл дүниені толғандыратын ең өзекті мәселе. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның бес жасқа дейін бойына сіңірген тәлімі бүкіл ғұмырында алған тәрбиесінің тоқсан пайызын құрайды екен. Бұдан шығар тұжырым,  баланы тәрбиелеуде аса мұқияттылық танытып, уысымыздан шығарып алмауымыз қажет.

 

Өңірлерде оң өзгерістер көп

 Өткен бейсенбі және жұма күндері облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Целиноград, Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында болып,  бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысына назар аударды, сондай-ақ, аудан активтерімен кездесу өткізіп, он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарларды жүйеледі.

 

Ақындар айтысында қалып тұрмыз

 Иә, әңгіме – айтыс туралы. Бұдан да нақтылай түссек, кейінгі кезде Ақмола, Көкшетаудың айтыстан кенжелеп қалғаны жайында. Соңғы кездері өтіп жүрген республикалық ақындар айтысынан біздің жақтың үні мүлдем шықпай, қарамыз әбден үзіліп қалса, осылай демегенде не дейміз?!.