Monthly Archives: Июнь 2016

Жанкүйерлер тағатсыздана ақтық бәсекелерді тосуда

Бүкіл құрлық жанкүйерлерін өзіне қаратқан Еуропа біріншілігі де өрмек жүзінен ауды. Өткен аптаның соңы мен осы аптаның басында өткен біріншіліктің ширек финалдық ойындары да өзінің күтпеген сенсацияларымен есте қалды.

 

Шортандыдағы ат спорты мерекесі

Шортандыда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық ат спорты мерекесі болып өтті. Осы мереке аясында бәйге, аударыспақ, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар ойналып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сахнада – журналистер

 

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған «Екі жұлдыз» атты қызғылықты шара өткізілді. Оған кәсіби әншілермен бірге, ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген журналистер қатысты.

 

Қазақ ғылымын әлемге танытқан

Математика ғылымы саласында көптеген жаңалықтар ашып, ғылыми мақалалары шет елдік танымал журналдарда жарияланып жүрген физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев еліміздің атын әлемге танытып жүрген айтулы тұлға.

Қазақ даласының Батыры

Арқаның  көкорай белдері мен қия беткейлері, ұсақ шоқылы таулары мен жоталары бір-бірімен жалғасып жатқан кең жазира даласында жер жәннаты атанған Қарқаралы, Қу тауларының сұлбасы алыстан мен мұндалайды. Осы Қарқаралы мен Қу тауының ортасында Қоянды деп аталып кеткен жазық дала бар.

Абайлаңыз, алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалаудың 2016 жылға бекітілген басым бағыттарының бірі ретінде алаяқтық қылмыстардың алдын алу шараларын жүзеге асырудың маңызы зор болып белгіленген.

Жаңа дәріхана ашылды

Н.Асайынованың аудан орталығында дәріхана ашқанына көп уақыт өте қойған жоқ.

 

Өткен жылдың желтоқсан айында ғана іске қосылған аталмыш дәріхана бүгінде тұрғындар сұранысын толық қамтуды басты міндет санайды. Бір назар аударарлығы, дәріхананы жеке кәсіпкер әзірге ешқандай несие алмай өз қаржысы есебінен ашқан екен. Яғни, алдағы уақытта бизнесті дамыту үшін несие мәселесі шешіліп жатса, жұмыс ауқымының кеңейе түсіп, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік  туары сөзсіз.

 

 

Құрылысы аяқталуға жақын

Жантеке ауылындағы  «Ақжол-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысына салынып жатқан 80 орындық балабақша құрылысының құны 107,0 миллион теңгені құрайды.

Көптен күткен амбулатория

Ауданда бір кездері біраз ауылдарда аурухана, ал, шағын елді мекендерде фельдшерлік пункттер болғандығы белгілі.

Рабиға Есімжанованың ізін басқан

Аудан орталығында 1973 жылы ашылған Рабиға Есімжанова атындағы балалар ән-күй мектебінде осы жылдар аралығында талай жеткіншектің таланты толысып, шеберлігі шыңдалды. Олардың арасында музыканы жанына серік етіп, өнерде өз орнын тауып, елімізге танымал болғандар да аз емес.

Шығарған өнімі сапалы, бағасы да тиімді

Ауданда шағын және орта бизнес саласында кейінгі уақытта негізінен сауда-саттыққа ден қоя бермей, тұрғындар арасында сұранысқа ие тауарлар шығарумен айналысушылар қатары көбейе бастағандығы қуантады.

Көрсеткіштер жақсарған, алға басушылық та бар

дегенмен, ірі  ауыл шаруашылығы құрылымдарының  аздығы алаңдатады

Қаламгер «Күлтегін» медаліне ие болды

Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесіне орай, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Қазіргі заман және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел басында пікір алысу болып өтті.

Тарихи маңызы зор оқиға

Еліміздің Бірікккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер арасынан аз уақыттың ішінде ойып тұрып орын алып, Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі  атануы бейбітсүйгіш саясатымыздың жеңісі.

Мәртебеміз тағы бір өсті

Отанымыздың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы  аса маңызды қадам. Аталмыш кеңеске мүше болуға ниет білдірушілер көп.