Monthly Archives: Июль 2016

Бурабайдың атағы әлемге таныла беретін болады

Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағында сұхбат берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев тәуелсіздік жылдарында курорттық аймақ инфрақұрылымының айтарлықтай жақсарғанына тоқталып  өтті.

Балалар туризмін дамыту мақсатында

Көкшетау қаласының маңындағы экопарк аумағында өлкетанушылар слеті болып өтті. Ол еліміздің тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 

«БӨБЕКТЕ» бүлдіршіндер көп

Б о з а й ғ ы р а у ы л ы н д а ғ ы « Б ө б е к » б а л а б а қ ш а с ы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тəрбие беру жұмысын атқарып отырған өнегелі мекеме. 1980 жылы салынған екі қабатты ғимарат өтпелі кезеңнің ауыр жылдарында біраз уақыт иесіз қаңырап тұрды.

Батырбек Оздоев: «АУЫР АТЛЕТИКА БІР КҮНДЕ ДАМЫМАЙДЫ»

Жауырыны жерге тимей, алғаш ұлтымызды əлемге танытып, «Қазақ даласының батыры» атанған Қажымұқан бабамыздың атындағы Көкшетау спорт мектебінің қабырғасынан шыққан шəкірттердің алдыңғы легі Олимпиада жүлдегері атанса, кейінгілері республика көлемінде өнер көрсетіп жүр. Осы мектепте ауыр атлетикадан шəкірт баптап жүрген Батырбек Оздоевпен осы спорт түрінің бүгінгі жай-жапсары, алған асулары мен жетістіктері жайлы əңгімелескен едік.

АСТАНАЛЫҚ ОБЛЫС БОЛА ТҰРЫП, ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН БІР СПОРТШЫ ДАЙЫНДАЙ АЛМАДЫҚ-АУ!..

Əр төрт жылда бір рет өткізіліп тұратын ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы уақыт қалды. 2016 жылдың 5 тамызынан 21 тамызына дейін Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода өтетін дүбірлі жарысқа біздің елімізден 101 спортшы қатыспақшы. Отандас спортшыларымыздың жеңіске жетуіне тілектес болып, жанкүйерлік жасармыз-ау, дегенмен, солардың арасында бірде-бір ақмолалық спортшының жоқтығы көңілге қаяу салатыны болмаса…  

Ағаш ектік екен, оны дұрыс күтіп, өсіре де білейікші

Жыл сайын көктем шыға мыңдаған көшет отырғызылғаны жайында жарыса жазып жатамыз.

Орман-тоғай – ел байлығы

жасыл желекті өрттен қорғау – басты міндет

Дендробақ демеу күтеді

Басқасын қайдам, дəл бүгінде Бурабайда жанайқайға басатын тұс келіп тұр. Нақтылай түссек, көп- салалы орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Қазақ орман шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты) дендробағына (түр мен тек қоры) қатысты мүшкіл хал осыны айтқызады.

Облыс өнеркəсіп өнімдерін өндіруден алда

Биылғы жылдың бес айында Ақмола өңірі өнеркəсіп өнімдерін өндіру бойынша еліміздің өзге облыстары арасында бірінші орыннан көрінді. Осы мерзімде облыс кəсіпорындары 177,7 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді. Бұл өткен жылдың бес айындағы деңгейден 6,5 пайыз жоғары.

Талап сақталмауда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық жəне энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті іріктеп тексеру кестесіне сəйкес облыстың энергетикалық кəсіпорындарында заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексерістер жүргізуде.

Жақсы дүкен – тұтынушы қолының ұзарғаны

Өткен жылдың желтоқсанында Пятигорск ауылынан ерлі-зайыпты Роман жəне Гелена Губайдуллиндер «Семья» деп аталатын жеке дүкендерін ашқан еді.

Кеңөткелдіктер жағдайы назарымызда болады

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 2016 жылғы 16 маусымдағы санында жарияланған Көкшетау қаласының тұрғыны Аманжол Ахметжановтың «Шағын ауылдың үлкен мəселелері» мақаласына байланысты мынаны хабарлаймыз:

Əрбір судья өз қызметіне сай болуы керек

Облыстық сотта Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жақсылық Аланов өңірлік соттарда судья лауазымына тағылымдамадан өтіп жүрген үміткерлермен кездесті.

ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҢ ИЕСІ

немесе «Полтавка-2» серіктестігінің директоры, облыстық мəслихаттың
депутаты Николай Белобров туралы үзік сыр

 

«Мираж» – жүлдегер

 

Астана күні қарсаңында Елордамызда «Биле, Астана!» хореографиялық фестивалі болып өтті.