Daily Archives: 05.11.2016

Ең төменгі күнкөріс деңгейі

«Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Заңының алтыншы бабын, «Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылғы қаулысын, «ҚР Үкіметінің 2000 жылғы қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР 2005 жылғы қаулысын орындау мақсатында  облыс бойынша кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі және азық-түлік себеті жөнінде мәлімет беруді жөн көрдік.

Сот жүйесіндегі жаңалықтардан

үкіметтік емес ұйымдар құлағдар болды

Екі жүз ерікті тартылады

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне   «EXSPO-2017» халықаралық  көрмесі жа-йында  кеңінен  түсінік берілді.

Балалар жүрегінде ақау болмаса екен

Облыстық аурухананың кардиохирургия бөлімшесінде алматылық тәжірибелі дәрігерлер жүрекке ота жасаудан шеберлік сыныбын өткізіп, ақмолалық үш балаға екінші өмір сыйлады. Бұл жайында ауруханада өткен баспасөз мәслихатында айтылып, толық мағлұмат берілді.  

Сәкен сері салған ән еді

Дегенін істейтін сұм ажалдың қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар қарт журналистеріміздің бірі, жерлесіміз Есмұхамбет Айтмағамбетов ағамызды да арамыздан алып кеткеніне бір жылдың жүзі болып қалыпты. Газетімізде қаламының айшықты ізі қалған Есмұхамбет аға көзі тірісінде қабілет-қарымы мол болса да, қанағатшыл, басы артыққа қызықпайтын, қарапайымдылығы, адамгершілік асыл қасиеттерімен адам жанын баурап алатын жақсылар  санатынан еді. Бүгін Алматыда өтетін бір жылдық асына орай, жарқын бейнесін сағынышпен еске алып, редакция қоржынында сақталып келген «Сәкен сері салған ән еді» атты тартымды естелігіне  газет бетінен орын бергенді жөн көрдік. 

 

Туған жер

1930 жылы туған Ермек Қаратаев ақсақал Бұланды ауданының Макинск қаласында тұрады. Осы ауданның құрметті азаматы. Бірқатар жылдар мұғдарында «Жыр десте», «Сағыныш», «Білгенге маржан», «Ой толғау» атты өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Жасы 86-ға келгенше әлі қолынан қаламы түспей, ел, жер, ана тілі деп толғанады. Табиғат суреттеріне, айналада болып жатқан тіршілік тынысына көзі қарақты, ойы ілкімді. Қадірлі қартымыздың өз қолымен редакциямызға жолдаған бір топ өлеңдері көңілімізден шығып, үлкен ризашылықпен жыр сүйер оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.  

Таяуда Алматы қаласында әскерге шақырылған жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен республикалық турнир өткізілді.

Жеңіс тұғырынан көрінді

Қайырымдылықты серік етуде

«Нұр Отан» партиясының «Қадағалау» бастауыш партия ұйымы түрлі қайырымдылық шараларына белсене қатысуды дәстүрге айналдырған.

Тартымды жобалар

Бүгінгі таңда алда тұрған негізгі міндеттердің бірі – экономикамызға инвестиция тарту. Осы орайда, инвес-торлар біздің ауданымызға да қызығушылық танытуда.

Бал ниет бала көңілі

Теміржол вокзалының әр жағында орналасқан «Бота» шағын орталығында «Асыл қариялар» атты мерекелік шара өткізіліп, «Сүйікті атам мен әжем» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Көп тіл білгеннің артықтығы жоқ

«Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалының қолдауымен   аудандық  тілдерді оқыту орталығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау, жастардың іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде тілдерді меңгеру деңгейін көтеру мақсатында «Тіл шебері-2016» байқауын өткізді. 

Біздің сүт өнімдеріне сұраныс мол

62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «Ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансферті үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.

 

Көлік көбейген…

Елімізде жүргізіліп жатқан «Жолдағы қабылдау» дәстүрлі акциясы біздің облысымыздың аумағында да ұйымдастырылуда. Осындай акция таяуда Целиноград ауданының аумағында өтті.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатында қала тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізілді.

Әртүрлі мәселемен  келген азаматтарды Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев қабылдады. Ол келушілерге Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға  арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, әр азаматтың өтініш-тілегі мұқият ескеріліп, бақылауда ұсталатындығын айтты.

Жыл сайын Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің түлектер клубы университет ардагерлерімен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырған. Жалпы, оқу орнының ардагерлер ұйымында 114 адам бар. Олар соғыстан кейін дүние

1957 жылдың қазан айында олар жүрек қалауларымен дала төсіндегі шағын ғана Ақмола қаласына келіп, тың көтерілген аймақтағы ауыл шаруашылығы институтының қазығын қағуға атсалысты. Міне, осы жігерлі жандардың күш салуымен сол жылдары бүгінгі астаналық іргелі оқу орнының мықты материалдық-техникалық  базасы қалыптасты. Оқу орнын  бітіргеннен кейін олар зертханаларда, кафедраларда еңбек етіп, ауыл шаруашылығы мен өндірістің басқа да салалары үшін жоғары дәрежелі, білікті мамандарды даярлау ісімен айналысты.