Daily Archives: 24.11.2016

Еңбек ері Есілбай

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өткен даңғайыр диқан Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есілбай Қадыралин туралы «Еңбек Ері Есілбай» атты кітаптың тұсаукесер кеші көңілде үлкен әсер қалдырды.

Бір кезде Майра еді аты мәлім

(Қазақтың мақтанышына айналған әйел механизатор
Майра Хасенова туралы бір үзік сыр)

 

1960 жылдың қараша айында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мәдениет ауылында «механизаторлар дайындайтын курс ашылатын болыпты, ұлдарды да, қыздарды да оқытады екен» деген жып-жылы хабар естіген жанды елең еткізе түсірген. Арада екі күн өтпей әлгі курсқа қырық қыз жазылған. Кейбіреулері уақыт өткізу үшін, әншейін қызық үшін. Курс аяқталған соң қырық қыздың екеуі ғана трактор тізгіндеді.

Жүгі жолда қалмаған

Әбдіғалым Саржанов саналы ғұмырының 39 жылын өзі сүйген кәсібіне арнап келеді

 

Міндетіне адал жандар

Облысымыздың көптеген шаруашылықтарында өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып, ауылдағы жағдайдың алға басуына қомақты үлестерін қосып жүрген азаматтар аз емес.

«Шуйский-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылы 19 мың гектар алқаптың астығын, 5 мың гектар шабындықтың мал азығын шашпай, төкпей уақытында жинап алды.

Істің көзін тапқан

 

 Серіктестік аудандағы егіншілік пен мал шаруашылығы тізгінін қатар ұстап отырған алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі болып саналады. Биыл гектарынан 14 центнерден өнім алды. Астықтың сапасы да жаман емес. Серіктестік директоры Алтынбек Құрманқұловтың айтуынша, Атбасар қаласында өздерінің  элеваторы жұмыс істейді.

Үшінші Александр Закусилов

атасы мен әкесінің жолын қуып, туған ауылына агроном болып оралды

 

Қайраттың қайраты

Біресе ішін тарта уілдей, енді бірде дүниенің қақпағы айқара ашылып кеткендей үдете соққан қарашаның қара суығына маңдайын төсеп жусаған топ жылқы шыңылтыр аязға қыңатын емес. Желге қарсы жусап тұр.

 

Электр қуаты – күн сәулесінен

«Журавлевка-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егіншілік, соның ішінде   картоп өсірумен қатар, мал шаруашылығымен  де айналысатын өңірдегі іргелі шаруашылықтардың бірінен саналады.

 

Егіншілік, мал шаруашылығы салалары қатар дамытылуда

Ширек ғасырдың ішінде облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, осы кезең ішінде өнім көлемі біршама өсе түсті. Егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Бұрынғыдай жалғыз бидаймен және арпа, сұлымен ғана шектелмей, шаруашылықтар майлы дақылдар, көкөніс пен картоп және мал азығы дақылдарын егуге ден қоюда. Мұның өзі шаруашылықтардың егіншілік саласынан түсіретін табыс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Тағдырдың жазуымен қазақ даласынан бір-ақ шыққан

Облыс орталығындағы Достық үйінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында поляк ұлты өкілдерінің Қазақстанға жер аударылғанына 80 жыл толуына арналған тарихи-танымдық шара болып өтті. Оған Қазақстандағы Польша Республикасы елшілігінің консулы Малгожата Таньска қатысты.

5 700 000 онна ақық дән!

Бұл – ақмолалықтардың биылғы маңдай тер жемісі, күш-жігер жеңісі

 

Тәуелсіз еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы ерен тұлғалардың бірі – Есілбай Қадыралин! Ол жастайынан комбайн штурвалына отырып, өзінің адал еңбекке деген құлшынысымен, таудай талабымен алдына жан салмады. Жер-Ана төсіне дән сіңірген көгілдір көктемде, егінжай алқабынан ел ырыздығы жиналған қоңыр күзде  болсын, оның ақ адал маңдай термен қол жеткен жоғары көрсеткіштері көпшілікті

Тәуелсіздік – ұлы құндылығымыз!

Кеше Парламент  Палаталарының бірлескен отырысында қабылданған   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясында еліміздің осы қысқа мерзім ішінде Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен және көреген саясатымен жүріп өткен ғасырға бергісіз  жасампаз тарихи жолына жоғары баға беріліп, Тәуелсіздіктің Ұлы Жолы  мәңгі жасай беруінің, «Мәңгілік Ел» құндылықтарының ұрпақтарымызға аманат екендігінің  қазақ елін мекендеген біздің әрқайсымыз үшін ерекше жауапкершілігі баса айтылды. Осыған байланысты біз бүгін газетімізде елімізге, облысымызға кеңінен танымал бірқатар қоғам, өнер  қайраткерлерінің пікірлеріне орын беріп, осы бір қадір-қасиеті өлшеусіз зор  құжаттың мән-маңызына одан әрі терең бойлай түскенді жөн көріп  отырмыз.   

 

Келесі аптадан бастап еліміздің барлық өңірлерінде тозығы жеткен ескі жеңіл көліктерді қабылдау басталады.

Демек, кез-келген азамат өзінің қаңтарылып тұрған ескі көлігін тапсырып, орнына аз-маз қаржы алуына мүмкіндік бар. Осы бағдарламаға сәйкес салмағы 3 жарым тоннадан аспайтын жеңіл көліктер ғана қабылданады. Ескі көлік үшін төлем көлемі баршаға бірдей емес. Мәселен, барлық қосалқы бөлшектері бар көлікке – 150 мың, ал істен шығып, кейбір бөлшектері жоғалған көлікке – 48 мың теңгеден беріледі.  

Ел қымбат, шекара қымбат

Облыс орталығындағы  «Достар» мәдениет сарайында «25 жұлдызды күн» акциясының Мемлекеттік шекараға арналған үшінші  күні  аясында ел шебін қорғау барысында  батылдықтарымен көзге түскен бірқатар ардагер сарбаздар марапатталып, облыстық   «Елім менің»  патриоттық әндер байқауының  қорытындысы шығарылды.

 

Рәмізімізбен мәртебеміз биік

«Ұлы Дала Елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі» республикалық акциясының екінші күні аясында облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.