Monthly Archives: Декабрь 2016

Жеңімпаздың бірі – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Республикалық «Президент және Халық» қоғамдық-саяси газетінің «Уақыт таңдауы – Выбор времени» Агенттігімен бірлескен жобасы бойынша өткізілген жыл таңдаулыларын анықтайтын дәстүрлі байқауда техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров басқаратын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жеңімпаз деп танылып, «Жылдың үздік жоғары оқу орны» атағына ие болды. 

Бала жан-жақты жетілсін десек

«Психологиялық мәдениетті дамыту мен қолдау» қоғамдық қоры  жасөспірімдер мен жастардың   арасындағы қандайда бір тәуелділікке бой алдырудың себебі мен оны шешу жолдарына арналған  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Марапат иесін тапты

«Құрметті жолшы» төсбелгісімен  автомобиль жолдары саласындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға үлес қосып, еңбегі сіңген жолшылар марапатталды. Солардың бірі – Балғожа Жанәділов.

Аяз ата балаларды қуантты

№2 орта мектепте оқитын жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнап  жаңа жылдық шара өткізілді.

Алмаздың «Еңбек Даңқы»

2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ақмола облысынан  73 адам  түрлі мемлекеттік марапаттарға ие болды. Солардың бірі – ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен мерейі асқан «Аскоп» серіктестігінің №1 бригадасының  озат механизаторы Алмаз Жылқыбайұлы Смағұлов.

Оқырманға жол тартты

Жуырда «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының  биылғы  жылғы  соңғы 4-ші  саны жарық  көрді.

«ТІРШІЛІКТЕН» «Арқа ажарына» дейін

1917 жылы «Тіршілік» газетінің шығуы хақында сәкентанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» ғұмырнамалық кітабынан: «Сәкен әуелі уездік қазақ комитетінің орынбасары, кейіннен төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, «Жас қазақ» ұйымына басшылық етті. Қазақ комитеті ең алдымен қазақ тілінде газет шығару мәселесін қолға алып, комитеттің төрағасы Рақымжан Дүйсенбаевты Қазан қаласына барып баспахана жабдығын алып келуге аттандырды…»  деген жолдарды оқығанда, Сәкеннің бұл әрекеті енді бұғынып жата бермей, етек-жеңді жинауды, ел болып «өз қотырымызды өзіміз қасуды», көші алға озған өзге жұрттардан қалыспауды көздеген ізгі  ниетінен туғандығына көзіміз анық жете түседі.

138 адам бостандыққа шығады

Облыстық прокуратурада биылғы жылдың 13 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған «Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық туралы» заңына түсінік беруге арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Зейнетақы көбейеді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев  келесі жылдан бастап зейнетақы 20 пайызға көбейетіні туралы айтқан болатын. Осы орайда, біз зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мамандарымен хабарласқан едік.

Алаштың арманы үшін

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алашорда үкіметі 1917 жылдың желтоқсан айында құрылды, ал, 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз осы Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады.

Ақ ниет, шат көңілмен

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, соғыс және еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүздескен мазмұнды, жарқын рәуіштегі жаңа жыл кеші өткізілді. 

17 спортшымыз қатысады

2017 жылдың басында Алматыда өтетін Универсиада сияқты  дүниежүзілік деңгейдегі дүбірлі доданың маңызы зор. Спортшылар қысқы спорт ойындарының 12 түрінен сайысқа түсіп, бақ сынасатын болады.

Ауылда жаңа емдеу орны ашылды

Облыс әкімі Сергей Кулагин Астрахан ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысына назар аударды.

Татьяна Немцан: «ЭКСПО»-да бақ сынаймыз»

Жаңа жыл қарсаңында қоршаған орта мен табиғи ресурстарға айрықша қамқорлық  танытып, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында жасыл технологияларды қолданудың тиімділігін насихаттап келе жатқан «Ақбота» қоғамдық қорының директоры Татьяна Немцанмен біздің тілшіміз тілдескен болатын.

Келісім келісті істің ұйытқысы

Облыс әкімі Сергей Кулагин Жаңа жыл қарсаңында Көкшетау қаласындағы Достық үйінде болып, қоғамдық келісім мекемесінің ұжымымен кездесті. Әлеуметтік нысандарды аралап көріп, жұмыс қарқынын үдетуді тапсырды.