Daily Archives: 08.12.2016

Пейілі кең, жігері мол Пернебай

баскетболдан екі дүркін ел чемпионы – «Оқжетпес» әйелдер командасын жеңіс тұғырына көтерген білікті бапкер

 

Пернебай Ысқақов отбасындағы сегіз перзенттің ұлдар арасындағы кенжесі. Сондықтан, ағалары Өтебай мен Тынымбайды үнемі үлгі тұтып өсті. Әкесі – Отан соғысының қан майданынан жаралы болып оралған офицер Көгенбай Жаңақорған жұртшылығына ғана емес, Қызылорда өңіріне танымал тұлға еді. Үйде де, түзде де әскери тәртіпті берік ұстанған ол кісі спортқа да жаны жақын адам болатын. Әсіресе, тетелес өскен үш ұлының оқуын өзі қадағалап, қолдарынан кетпен-күрек түсірмей бау-бақша жұмысына жегетін. Мұнысы зая кетпеді. Ұл-қыздарының бәрі де жоғары білім алып, өмірге бір-бір кірпіш болып қаланды. Жары Рахима екеуі ауыздарынан Алласын тастамайтын иманды жандар қатарынан саналды. Бұл да отбасындағы балалар тәрбиесіне игі септігін тигізді.

«Әлихан жүрген жерлермен»

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық  әмбебап-ғылыми кітапханасында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай, «Ақжол» халықтық  демократиялық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әлихан жүрген жерлермен» атты дөңгелек үстел болып өтті.

«Даналық кітабының» тағылымы

Биылғы жылдың 9 желтоқсанында Көкшетауда Ақмола облыстық мәдениет басқармасына қарасты әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Яссауи мұрасы: маңыздылығы, сипаты және ғибраты» атты аймақаралық ғылыми конференция өткелі отыр.  Осы орайда, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» кітабының көшірмесінің біздің өңірден табылуы Яссауитану ғылымына қосылған үлкен жаңалық десек артық емес. Осыған байланысты біздің тілшіміз конференция қарсаңында филология ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры С.Н.Жәмбекке жолығып, осы маңызы зор ғылыми еңбек туралы айтып беруін сұраған еді.

Қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғауға тартылады

«Ақмола облысының азаматтық альянсы қауымдастығы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Экологиялық проблемалар, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық ұйымдардың қызметі» деген тақырыпта семинар өтті.

Міндетті медициналық сақтандырудың тәртібі түсіндірілді

Облыс орталығындағы №1 орта мектепте білім ошақтары басшыларымен өткен жиында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына  қазақстандықтардың  жарна төлеуінің тәртібін   «Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің  Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Әлди Кенжебаева  түсіндіріп берді.

 

Ата-бабамыз ұрпағын адалдыққа баулыған

«Достар» мәдениет сарайында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының, этно-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктердің рөлі» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Судың да сұрауы барын ұмытпайық

Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың алдында табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны ластауды шектеу, ол үшін «Жасыл экономикаға» көшуді  жеделдету сынды көкейкесті мәселелер тұр. Әрине, бұл проблеманы әр мемлекет өзінше шешуге талпынуда. Алайда, мұндай жалпы адамзат үшін өте ауқымды проблеманы дұрыс жолға қою үшін бірлесе қимылдаған абзал. Бұл жағдайға бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы да өз үлесін қосуда.

Пайдаланылмай жатқан жерлерге салынатын салық мөлшері өскен

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралинаның журналистермен өткізген брифингінің барысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу және мемлекет меншігіне қайтарылып алынған жерлерді айналымға енгізу тұрғысындағы атқарылған жұмыстар сөз болды.

Түсінбестік азаматтардың заңды жете білмеуінен туындайды

Бар байлықтың атасы – жер. Осы орайда, қазіргі нарық заманында жерге қатысты даулар жиі орын алып жатады. Әсіресе, жер телімдерін мемлекет қажетіне мәжбүрлі түрде алуға қатысты туындайтын даулар күрделі болып отыр. Газетіміздің тілшісі Ақмола облыстық сотының судьясы Роза Ертаевамен жер телімдерін мемлекет иелігіне алуға байланысты сотта қаралатын істерге, оның сипаты мен ауқымына қатысты әңгімелескен еді.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі күш алуда

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша  сараптамалық комиссиясында «Ақмола облысының білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту» бағытындағы облыс аумағында салынып жатқан білім беру мекемелерінің құрылысы туралы мәселелер талқыланды.

Әзілдерімен өмірге нәр берген

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық филармонияда өткен «Жайдарман» көңілділер мен тапқырлар клубының ширек финалының шымылдығын Целиноград құрама командасы ашты.

 

Жақсылықты – қылқаламмен

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының  «Мәдениет және руханият»  күні аясында,  «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық  және зерттеу орталығы»  қоғамдық қоры  жас суретшілер арасында  «Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін»  сайысын ұйымдастырды.

Ырыс ынтымаққа үйіріледі

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Еңбекшілдер ауданында болып, ел ішіндегі тыныс-тіршілікпен танысты.

 

Степногорск игі өзгерістерімен қуантуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин Степногорск қаласына жұмыс сапары барысында Ақсу кентінде орналасқан «Қазақалтын» тау-кен комбинаты» АҚ-ның алтын өңдеу фабрикасының жұмысымен танысып, бірқатар білім беру нысандарында, сондай-ақ, жаңадан ашылған «Смол» супермаркет желісінде болды.

Жаңа кәсіпорынның тұсауы кесілді

Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отырған еліміз осы кезең ішінде экономикалық-әлеуметтік жағынан жедел дамып, әлемнің бәсекелестікке қабілетті елу мемлекетінің санатына қосылды. Индустрияландыру күні шеңберінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір еліміздің өндірістік әлеуетінің қаншалықты артқандығын, экономика саласындағы қол жеткен жетістіктерін тағы да бір айқын паш етті.  Біздің өңіріміздегі іске қосылған инвестициялық жобаны ашуға облыс басшысы Сергей Кулагин мен жобаны қаржыландырған «Астана-нан» серіктестігінің бас директоры Мұрат Сәрсембаев қатысты.