Daily Archives: 07.01.2017

Шипалы емдеріне алғыс айтамын

Мен зейнет жасындағы адаммын. Әрине, жас ұлғайған сайын денсаулық та сыр бере бастайды. Ара-тұра бойдағы дерт мазалағанда, әрбір жан сырқатына дауа іздеп, дәрігердің көмегіне жүгінеді.

Жас скрипкашының концерті

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық  мәдениет үйiнiң сахнасында өз өнерімен еліміздің  мерейін  асырып жүрген  скрипкашы Руслан Тұрынтаев өнер көрсетті. 

 

Қазақша күрестің қадірі артқан күн

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залында қазақша күрестен ересектер арасында турнир өтті. 

 

Қайсар Әлім әлемі

Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы мен өзіндік стилі қалыптасқан, өмірлік оқиғаны оқушыға қалай жеткізудің тәсілін әбден меңгерген және аты-жөні құрмет-қошеметпен тасқа басылып, «бұл кім-ау» дегізбейтіндей дәрежеге жетіп үлгерген Қайсар Әлім  шығармашылығы туралы әңгімені қалай, неден бастасақ екен деп «кібіртіктегендігімізден» болар, әріптестік тұрғыдан да сенің азды-көпті жазған-сызғандарыңа жанашырлық танытып, танытып қана қоймай, өз пікірін ашық айтып жүретін арадағы сыйластықтың арқасы болар, әйтеуір, бұл мақала оңайлықпен жалына «қол тигізбегені» анық-ты.

Қызығы мол кеш

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ  музыкалық-драма театрында  өткен  жаңа жылдық  кеш  балалар есінде қалды. 

Немерелеріне жақсы жол көрсетіп…

Жақында облыс орталығындағы «Нұрай» балабақшасында қоғамда отбасының рөлін арттыру мақсатында әжелер сайысы болып өтті. Ақылы мен парасаты сай келген, өнегелі һәм ғибратты ғұмырымен өскелең ұрпаққа үлгі бола білген сегіз әже және олардың немерелері осы байқауда өзара сынға түсті.

Қолдан келгенше көмек беруге әзір

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосында жаңадан салынған жылу қазандығының жай-күйімен танысты және   «Көкше» мәдениет үйінде азаматтарды қабылдады.

Отандық өнімге көңіл бөлудің нәтижесі

Облыс орталығындағы іргелі кәсіпорындардың бірінен саналатын «Көкшетау сүт зауыты «Молоко Синегорье» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған бір топ Мәжіліс депутаттары зауыт ұжымымен кездесіп, сүт өндіру барысымен танысты.

Мұндай оқу орнын мақтан тұтуға болады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаттары, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мүшесі  Жанат Жарасов пен Михаил Чирков Көкшетау техникалық институтында болып, оқытушылар мен курсанттардың тыныс-тіршілігімен танысты.    

Қабылдауға мұң-мұқтаждары алып келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жексенбай Дүйсебаев пен Сапар Ахметов «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бірге қатысып отырды.

Заңды жетілдіру мәселелері көтерілді

Мәжіліс депутаттарының алғашқы кездесуі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партия белсенділерімен, мәслихат депутаттарымен және атқарушы органдар басшыларымен болып өтті.

Оқиға. Жаңалық. Хабар.

Иранның оңтүстігінде жер сілкінді

Иранның оңтүстігінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінен 4 адам  қаза тауып, 4 адам жарақат алды.

Зілзала кіндігі Фарс  провинциясындағы Хондж қаласы маңындағы елді мекенде орналасқан. Қаза тапқандар – шетелдіктер.

Мәжіліс депутаттарын қабылдады

Облыс әкімі Сергей Кулагин өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қабылдап, ой-пікірлерімен бөлісті және облыста атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Сенаторлар облыс әкімімен кездесті

Өңірлерде сапарда жүрген Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысының әкімі
Сергей Кулагинмен кездесіп, пікір алмасты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде

Бурабай ауданында жаңа аурухана салынбақшы