Daily Archives: 12.01.2017

Қыздар жұмыс, қожайын қызық іздейді…

Алма ағаштың бүріндей, аққудың көгілдіріндей, нәркес көз нәзік, ақылына көркі жарасқан қазақтың ару қыздары ай-күннің аманында жылап жүрсе қасірет, әрине. Жасырары жоқ, пенде баласы қолына аз-мұз дәулет оралса, бұ дүниеге қонақ екендігін ұмытып кететіні бар. Ақшаның буына пісіп, арды да, ұятты да ысырып қоятындар қиястықтың қияметке бармайтынын ұмытатындары өкінішті-ақ. Біздің меңзеп отырғанымыз, тоқал алу мәселесі. «Әйел – отбасының тірегі. Егер әйел өзінің құдай қосқан қосағы, ақ некелі жарымен, сол қосағынан тапқан бала-шағасымен өзін бақытты сезінбесе, онда оның басқа жерден бақыт табуы, жалпы, бақытты болуы мүмкін емес. Яғни, әйелдің бақытын табатын жалғыз орны – өз үйі, отбасы». Бұл сөздерді данышпан  Лев Толстой айтқан.

Сайын далада әні асқақ Саян әнші

Жадырап жаз өте шыққан. Күздің келіп қалғанына қарамастан, бар атырап алтынға оранғандай өзінің әсем көрінісімен жан баласына жылылық сыйлап тұрғандай еді. Ауылда той өтіп жатыр. Өндіріс ауылында сабантой болады дегенді естіп, жақын маңдағы ауылдың өнерпаздары да ағылды. Ән мен жыр шашу болып шашылды. Ол сол тойға әкесімен бірге еріп барған. Сән-салтанаты жарасқан сабантойда әлі бала болса да, ауылдың айтулы өнерпаздарының жанынан шықпай,  Арқаның әндері шырқала бергенде елең етіп, балаң жүрегімен барынша ынта-ықыласы ауып, елтіп отырған.

Қоғамдық кеңестер: Қалыптасу кезеңі. Алғашқы нәтижелер.

Атқарушы орган мен қоғамның арасын байланыстыратын пікір алмасу алаңы ретінде Қоғамдық кеңестер 2016 жылы құрылып, жұмыс істей бастаған еді. Өткен жылдың қаңтарынан бастап әрбір министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарда, ауыл округтерінде белсенді азаматтардан құрылған Қоғамдық кеңестер қызметке кірісті. Осындай қоғамдық кеңестер біздің облысымыздың барлық билік деңгейінде құрылып, жұмыс істеуде.

Қызметке іріктеудің жаңа тәртібі

Қазіргі уақытта елімізде Бес институционалдық реформа – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Оның бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» болып табылады.

Салауаттылық жолындағы қозғалыс

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова  салауатты өмір салтына арналған  дөңгелек үстел  отырысына қатысты.

Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Мәжіліс депутаты, Парламенттегі экономика және өңірлік даму комитетінің хатшысы Меруерт Қазбекова облысымызға жұмыс сапары кезінде Бурабай ауданында кәсіпкерлерді жеке мәселелерімен қабылдап, шағымдарын тыңдады. 

Көкейдегі өтініш-тілектерін жеткізді

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова өңірлік кәсіпкерлік палатасында жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті.

«Арланның» қос жеңісі

Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі аясында Көкшетаудың «Арланы» «Бурабай» спорт сарайында «Астана» хоккей клубымен екі ойын өткізіп, жеңіске жетті.

Кәсіпорынның жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров облыс орталығындағы «Көкше» акционерлік қоғамында болып, еңбек ұжымымен кездесті.

Өңірдің өзекті мәселелеріне бойлады

Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Егіндікөл ауданында болып, мұң-мұқтажымен келген тұрғындарды қабылдады, сондай-ақ, аудан активімен кездесіп, өңірді дамытудағы түйткілді мәселелерді сұрап білді.

«Ардагерлер туралы» заң қажет»

Облысымызда жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасовқа атбасарлық ардагерлер өздерінің осындай ойларын білдірді.

Универсиада Алауы бүкіл еліміздің аумағымен өтеді

Аймақтық штабтар 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың Алау эстафетасының облыс орталықтарындағы бағытын анықтау бойынша жұмысты аяқтады. Көкшетауда бұл эстафета екі кезең бойынша өткізіледі.

Енді заң талаптары азаматтарды келген жерінде тіркелуге міндеттейді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлім етті.

Полиция қызметкерлері арнайы таяқшаларды қолданбайтын болды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтын болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Президентінің Үндеуі таныстырылды

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат