Daily Archives: 24.01.2017

Дұрыс тамақтана білесіз бе?..

Қазақ «ауру – астан» деп текке айтпаған. Аурудың көбі ас арқылы келетінін бүгінгі медицина да растайды. Асқазан ауруларының көбеюі, артық салмақтың пайда болуы, орташа өмір сүру деңгейінің қысқарып, қартаюдың жеделдеуі – бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдары десек, асыра айтқандық болмас.

Атбасарлық тимуршылар көмегі

«Тимуршылар»  қозғалысы  Кеңес  заманында  кең таралған үрдіс болатын.  Ол кезде   мектеп оқушылары көмекке  мұқтаж  қарттардың  үйлеріне барып,  оларға  суын тасып, отынын жарып, үйлерін тазалап дегендей, қолғабысын тигізетін. Бүгінде сол үрдіс қайта жалғасын тауып жатыр.

Жан-жақты жұмыс

Аудандағы балалар шығармашылығы үйінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты жастар форумы болып өтті.

Ажы ауылына жол қиылысы қажет

Өткен жылдың желтоқсан айында облыс әкімі С.В.Кулагин Ереймен өңіріне жұмыс сапарымен келді. Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде өткен жиналыста әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланып, соңында жиылған қауымның талап-тілектеріне ауызша жауаптар берілді.

Тәуелсіздікке арналған ашық сабақ

Көкшетау қаласындағы «Арман»  балабақшасының  «Балдырған» тобында еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына байланысты ашық сабақ өтті.

 

Өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты С.Петренкоға қатысты қылмыстық істі қарады. Кісі өлтіріп, осы қылмысының ізін жасыру үшін үйін қоса өртеген бұл қылмыскер бірнеше адамның өліміне себепкер болып қана қоймай, ірі көлемде материалдық шығын әкелген.

Қатерлі ісік – қауіпті дерт

алайда, дәрігерге ерте көрінген жағдайда бұл ауруды да  жеңуге болады

Облыстық онкологиялық диспансерде  28 қаңтар күні обыр ауруының алдын алу мақсатында Ашық есік күні өткізіледі. Осыған орай, емдеу мекемесінде бірқатар іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мұндай азаматтар көп емес

Адамгершілігі мен парасаттылығы кім-кімді болсын сүйсіндіретін,  азаматтығы бір төбе жақсы адамдардан қашанда бір жылылық лебі сезіліп тұрады. Біз білетін Секең – Серік Боранбайұлы Ахметов өзінің қысқа ғұмырында осындай  асыл қасиеттерімен ерекшеленетін жан еді.

 

Басты меже – бірлесіп еңбек ету

Бұлақ, Сарыөзек, Симферополь ауылдық округтерінің әкімдері   ауыл тұрғындары алдында  есеп берді.

Ауданнан да басшылар келді

Атамекен ауылында округ әкімі Дауылбай Қапезов тұрғындар алдында есеп беріп, алда тұрған міндеттерімен ой бөлісті.

Түйткілді мәселелер көтерілді

Шойындыкөл, Жаңадала және Бірсуат ауылдық округтерінің әкімдері тұрғындар алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жылдың мақсат-міндеттері жайында баяндады және жұртшылықты толғандырған түйткілді мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Алтын іздеймін деп, ажалына кезікті

«Қазақалтын» тау-кен металлургия-лық концерні» акционерлік қоғамының кенішінде оқыс оқиға орын алды.

Жергілікті бюджет құрылады

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының  98-ші қадамында село округтері және басқа да шағын елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқару шеңберінде жеке бюджет құру жайы айқындалған. Қазіргі күні құзырлы органдар осы шараны жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізуде.

Судьяларға талаптың бір түрі

Ақмола облыстық  соты жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы Темірхан Қасымовтың төрағалығымен осы Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Өз көрмесін әкелді

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырған   «Ауылым – алтын  тұғырым»  көрме- байқауына  Зеренді ауданының Ақкөл орта мектебінің ұжымы  белсене қатысты.