Daily Archives: 23.02.2017

Соңғы астронавт

Таяуда АҚШ-та 82 жастағы астронавт, Ай бетiне қонған соңғы адам ретiнде белгiлi Юджин Сернан қайтыс болды, – деп хабарлады NASA. Астронавт өз отбасында көз жұмған.

 

Айдан жер алғандар бар

Осы күнi жер шарының 180 елiнiң 4 миллионнан астам азаматы Айдан, оны айтасыз, Марстан жер телiмдерiн сатып алған.

Ауданның жастар орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзиялық әдеби-сазды кеш болып өтті.

 «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Аудандық тілдерді оқыту орталығы мен Аршалы ауданының №3 орта мектебінің мұрындық болуымен өткен кеште мектептің шығармашыл оқушылары ақиық ақынның сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, оның өлеңдеріне жазылған  әндерін орындады.

Жеңімпаздар облыс намысын қорғайды

Облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернатында облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі  олимпиадасы болып өтті. Бірінші орынды әртүрлі аталымдар бойынша иеленген бес оқушы Павлодар қаласында өтетін   республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Ел өзінің ерлерін елей білсе…

Саналы ғұмырында сарабдал сұңғылалықпен тау басынан құдық қазғандай қияпат іс тындырып, тал бойындағы бар қажыр-қайратын, білімі мен білігін ел игілігін еселеуге жұмсаған ерлердің есімін елі есінен шығармағаны абзал. Құрмет пен қошеметке, әйгілеп айтуға әбден лайықты білім дарыған отбасының бірі – Тоқмурзиндер әулеті.

Мектептегі әскери эстафета

№ 2 орта мектеп-лицейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай, жалпы білім беретін оқушылардың арасында әскери-спорттық эстафета  өтті.

Жасөспірім палуандар белдесті

Облыс орталығындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуының 25  және  Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан  шығарылуының  28 жылдығына арналған жасөспірімдер арасында  грек-рим  күресінен жарыс болып өтті.

Бір жылда 22 адам жат ағымдардың ықпалынан қайтарылды

«Насихат» кеңес беру, оңалту» орталығының басшысы Қанат Алшынбаев өткен жылғы атқарылған жұмыстары жайында есеп берді.  Бүгінде елімізде белең ала бастаған діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бағытындағы насихат жұмыстарымен айналысатын орталық  өткен жылы біраз шаруаларының басын қайырған.

 

Әзіл-шыны аралас

Бернард Шоу атақты пьесаларының бірінің премьерасынан кейін басты рөлде ойнаған актрисаға былай деп телеграмма жолдайды:

Жұмысқа білікті жастарды қабылдайды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаровтың төрағалығымен өткен кездесуде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадр жұмысы жөніндегі департаментінің басшысы Александр Огай аталмыш білім шаңырағының және А.Мырзахметов атындағы университеттің студенттеріне прокуратура органдарына жұмысқа орналасудың тәртібі жөнінде айтып берді.

Тарту жасаған таланттар

«Қоғамдық келісім» ғимаратында EXPO халықаралық көрмесіне орайластырып, «EXPO-2017-ге тарту» тақырыбында  жас шеберлердің көрмесі болып өтті.  Ең үздік туындылар Астана қаласында өтетін  көрмеге қойылмақшы.

Облыстық ардагерлер кеңесіне – 30 жыл

Облыстық соғыс және еңбек  ардагерлері  кеңесінің   құрылғанына  30 жыл толуына орай, облыстық мұрағатта «Ұрпақтар сабақтастығы»   тақырыбында іс-шара болып өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында бес басымдықтың бірі ретінде институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне көңіл бөлді.

Мақсат – айқын, міндет – зор

Бұл орайда, прокуратура  қызметкерлері де жеке меншікті қорғау, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жоспарлы жүргізіп келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін жаңа бағдарламалар мен жобаларды қолға аламыз.

Есімі ел есінде

№4 Аршалы агротехникалық колледжінде Ауғанстанда өзінің интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Сергей Одаричке мемориалдық тақта орнатылды.

Әуе рейстері қалпына келтіріледі

Көкшетау əуежайы халықаралық бағыттағы əуе рейсін қалпына келтіретін болады.