Daily Archives: 02.03.2017

Ауыл мектебіне көмек

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орта мектептерге қамқорлық жасау дәстүрі қалыптасып келеді. Соның бір жарқын көрінісі университеттің Қорғалжын ауданындағы  Дружба орта мектебіне роботтық технологияны тарту етуі болды.

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесі аясында облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ақмола – жырымның арқауы» атты жекпе-жек айтысының тағы бір іріктеу кезеңі өз мәресіне жетіп, бірі

 Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Бұл жолы екі жұп өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші жұпта  Мұхамед Қоңқаев пен Тоқтасын Семейханұлы  өзара сөз таластырса, екінші жұпта Қуаныш Оспан мен Нұрболат Серікұлы айтысты.    Өнерсүйер қауым арнайы дауыс беру парақшасы арқылы өздері шын жүйрікті таңдап өнерлерін бағалауға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы берілген дауыстар да есепке алынады. Бұл пікірлерді қазылар алқасы да ескеріп, ортақ бір шешім шығарылады.

Кәрілік

«Кәрілік  келіп қалдың қай жағымнан» деп Ақан сері әнге қосқандай, дені сауға да, ауру адамға да жасаған жасыңмен бірге кәріліктің келетініне дау жоқ. «Елу ердің жасы, алпыс пәленің басы». Мен бүгін сол алпыстан асып, зейнеткер жасына жеткендер, жетпіске желіп келгендер, сексеннің сеңгірінен көрінгендер жайлы көптен көкейде жүрген ойларыммен оқырманмен бөліспек болып қолыма қалам алдым.

Масленица мерекесі көңілден шықты

Арқаның арайлы ақ таңымен ілесіп жеткен шаттықтың шырайлы шуағына шомылып, облыс орталығының тұрғындары Достық үйіне қарай ағылды.   Алаңда асқақтала шырқалған әсем әндер әр жүрекке нұр болып құйылып, күн болып көңілдерді жадыратты.  Орыс халқы үшін қызықты мерекенің бірі осы масленица мерекесі.

 

Суретші жолы

Белгілі қылқалам шебері, жерлесіміз  Дулат Қоспанов  кезінде Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, бірден «Қызыл алма» пейзажымен республикалық сурет көрмесіне қатысқан талантты суретшілеріміздің бірі.

Ересектер мен балалар өртте қалмаса екен

«Өрт – тілсіз жау» деп тегін айтылмаған. Одан келетін қайғы-қасірет пен материалдық шығынның орны толмайтын жағдайлар өмірде жиі кездеседі.

Су бөгеті нығайтылуда

Жібек жолы ауылының маңындағы «Безымянная» су бөгетін нығайту жұмыстары қолға алынды.

16 миллион 649 мың теңге айыппұл өндіріліп алынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылы бюджет қаржысын тиімді жұмсау жөнінде 194 тексеріс өткізді.

Ауыл әкімдері біліктіліктерін жетілдіруде

Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін оқыту семинарлары басталды.

Дін тақырыбында ұқыптылық қажет

Дін тақырыбындағы ақпаратты таратуға арналған семинарда кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен сайттарда жарияланатын мақалаларда экстремизм мен лаңкестік әрекеттеріне қатысты терминдерді ислам дінімен орынсыз байланыстырмау қажеттігі ескертілді. 

 

Отандық блогерлер туралы не білеміз?

Тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдарда компьютер дегенді  көрмек түгілі, атын да естімеген біздер үшін қазір компьютерсіз өмірді көз алдымызға елестету мүмкін болмай қалды. Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасауды тапсыруының астарында қазіргі жаңа технологияны қолдану арқылы ғана өркениет көшінде шаң қауып қалмайтынымыз жатқаны анық.

Бай болуға да ақыл керек

Бай болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Десе де, байлық екінің бірінің басына қона салатын бақ құсы емес. Ол үшін тапқырлық, ақыл-айла да қажет.

«Асыл Мирастың» кезекті сыйы

Алғыс айту күніне орай, бизнесмен, қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры Ақмола облыстық балалар ауруханасына аса қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Осыған байланыс-ты  емдеу орнында  өткен баспасөз мәслихатына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  қатысып, сөз сөйлеп, облыс әкімінің атынан қайырымдылық қорының жетекшісіне шынайы  ризашылығын білдірді.

Реформалар – қоғамды жаңғырту жолы

 

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің бастамасымен өткен «Бас редакторлар клубының» отырысында  билік өкілеттіктерін  бөлу, Ата Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі реформалар талқыланды.

 

Дамудың темірқазық нысанасы

Таяуда Ақмол  орта мектебінде облыстық ақпараттық-насихат тобы өңірдегі еңбек ұжымдарымен жүздесіп, Елбасы Жолдауының мәні мен мазмұнын тереңнен толғап, түсіндіріп берді. Ел дамуының темірқазық нысанасы іспетті тарихи құжатта алға қойылған міндеттерден туындайтын жүк баршаға ортақ.