Daily Archives: 07.03.2017

Айдан алқа, күннен сырға сыйлашы!..

Көктем. Қыздар. Қызғалдақтар. Осы сөздер тіл ұшына орала берсе болғаны, ойға бірден Халықаралық 8 наурыз мерекесі оралатыны бар. Бұл заңды да. Себебі, қыс көрпесі сырғып, жер-ана бусанып түрленіп, ұйқыдан жаңа оянған қызғалдақтар қыратқа сән берсе,  көктеммен бірге ажарлана түскен арулар да гүлдей жайнап шыға келеді. Айтпақшы, Сіз сүйіктіңізге гүл сыйлайсыз ба? Немесе мереке күні жаныңызда жүрген қыздарды қандай сыйлықпен қуантасыз? Біз ер азаматтарды осы тұрғыда сөзге тартып көрдік.

Білім жолында күш-жігер керек

Облыс  әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа  мәжілісі  болып  өтті.

 

Алда ауқымды жұмыстар тұр

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткен облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісінде ішкі саясат саласында 2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттер қаралды.

 

Бәрімізге керек ақша

«Халық Банкінде» Айша Ерденованың да қолынан өтеді

 

Адамды абзал атына сай ететін адал еңбегі мен жағымды мінезі екендігі айқын. Ол өн бойына өз халқының момындылығы мен кісілігін, кішілігі мен ізгілігін, өнегесі мен парасатын дарыта білген жан.  Ондайлар анау-мынау шатаққа әуес те емес. Талап-талғамына сай оқыған, жоғары білім, тиесілі мамандығын алған, соған сәйкес ұжымдық ортаға араласқан, айналасындағы көп замандастарының бірі ретінде таниды өзін.

Ұстаздан із қалар

Бала үлкендерге қарап бой түзейді, еліктеу арқылы есейіп, өмірлік ұстанымын айқындайды. Күлшайра Жүсіпбекқызының мамандық таңдауына мектептегі ұстаздары елеулі әсерін тигізген еді.

 

Сыйлыққа – қол сағат

Капитан Мереке Қабыланбекова 8 нау-рыз мерекесі алдында Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен – қол сағатпен марапатталды.

 

Өмірін өлеңмен өрнектеген

Сахна. Музыкалық аспаптар. Жанды дауыс. Түрлі-түсті шамдардың үйлесімі, барлығы да шынайы, жанға жақын. Сазды баяу әуеннің сүйемелдеуімен оқылып жатқан өлеңдер, өзіндік әсерімен, ерекшелігімен, мән-маңызымен адам жанын елжіретсе, шырқалған әндер сезімнің сырын шертеді, тыңдарманның жүрегін елжіретеді. «Қоғамдық келісім» мекемесінде өткен ақын, журналист, педагог Бақыт Мұхамедрақымова-Тасованың «Струны моей души ранимой» атты әдеби-сазды поэзия кеші осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жиналған қауымды бір серпілтіп тастады. Кеште оның кезекті жыр жинағының тұсауы кесілді.

 

Кәсіптің көзі – тәуекелдікте

Отбасының береке-бірлігін сақтап, сүйікті жар, ардақты ана атанып, әрі заман талабына сай кәсіпкерлікті де дөңгелетіп отырған нәзік жанды әйелдер аз емес. Аудан орталығында алғашқылардың бірі болып дүкен, дәмхана ашып, халықтың ықыласына бөленіп жүрген кәсіпкер Клара Шуманқызы да сондай жандардың бірі. Мереке қарсаңында кәсіпкерге жолығып, атқарып жатқан жұмыстары туралы сұрастырып, білген едік.

«Айналайын, ақ мамам!»

Осындай тақырыппен облыс орталығында орналасқан №11 «Арай» балабақшасында ертеңгілік болып өтті.

Шабыт – өнерпаздың қанаты

Ауданның Қоянды ауылдық аймағында Қытайдан, Моңғолия мен Өзбекстаннан келген біздің көптеген өнерпаз қандастарымыз тұрады. Бойларын өнердің шабыты билеген сол кісілердің қолдарынан шығып жатқан дүниелер Астанада, облысымыз бен ауданымызда өтіп жатқан түрлі көрмелердің көркі болғанын көпшілік жақсы біледі.

 

Рухы мықты нәзік жан

Бүгінде жаны нәзік болса да, рухы  мықты, қоғамның тыныштығын қамтамасыз етуде зор еңбек сіңіріп жүрген арулар аз емес. Азаматтық қорғау полковнигі Гүлжан Хасанова да халықтың бейбіт өмір сүріп, әр таңның жаймашуақ, тыныш атуы үшін жүрген арулардың бірі.

Жалынды жастық жалынымен жасқайтын

өрт сөндіруші Галина Салионова туралы бір үзік сыр

 

Көкшетау қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімшесінде биыл да өзге жылдардан еш айырмашылығы жоқ, егіз қозыдай ұқсас жұмыс күндері өтіп жатыр. Күн сайынғы тынымсыз жаттығулар, ара-тұра болатын оқыс оқиғалар. Яғни, өмірдің ағысы арнасынан аумай, жылжып жатқан тәрізді. Бірақ, шын зер салып, санамен салмақтаған адамға елді елең еткізетін соны жаңалық та бар.

Батагөй қария

соғыстан кейін үш жыл бойы Шығыс Германияда  тұрған.

 

Ана қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Халқымыз әрқашан әйел затын қастерлеген, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Әйел затын ақындар гүлге де, күнге де, жұлдыз бен айға да теңеген. Әйел заты қайсарлық пен қайраттылықты, іңкәрлік пен нәзіктікті қанат еткен асыл жандар.

 

Сауыншы

 

«Мамандықтың бәрі жақсы, ең бастысы сол мамандығыңды сүйіп, жұмысыңды беріліп істеу», – дейтін анасы Мария.

 

Өмір бойы сауыншы болған анасы өзге жұмысқа ауысу туралы ешқашан ойлаған емес. Тек бұрынғы кеңшар, ұжымшарлар тарап, шаруашылықтар жекешелендірілген кезде қоғамдық мал ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, сала тоқыраған тұста ол амалсыз сүйікті кәсібінен қол үзуге мәжбүр болған еді.

Зәмзәгүл ауыл әкімі қызметін ауырсынбайды

Ауылдың барлық ауыртпалығын көтеріп, тұрғындарды толғандыратын түрлі мәселелерді шешетін, күн сайын қиындықтармен бетпе-бет келіп жататын ауыл әкімдерінің міндеті ауыр да жауапты. Міне, осындай ауыр міндетті мойнына алып, өз қызметін абыроймен атқарып жүрген Наумовка селолық  округінің әкімі Зәмзәгүл Шәріповамен мереке қарсаңында газетіміздің тілшісі тілдескен еді.