Daily Archives: 18.05.2017

Ерейменде арулар бақ сынады

Ертеден  ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Бесігінде жақсы үлгі-өнеге алған қыз бойжеткенде де сол әдетін сақтайтыны анық. Әсіресе, әдептілік пен сыпайылықты, инабаттылық пен мейірімділікті бойына жинаған қыз мейірімді ана, адал жар болып, отбасының құты атанған.

 

Шын талантымен танымал

Манарбек Бұрмағановтың жеке сурет көрмесі бұл жолы облыс орталығындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде ашылды.

Қап тауының баурайында

қазақы өнердің қасиеті асқақтады

 

Таяуда Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің «Жарқын» халықтық би ансамблі Дағыстанда өткен ІV-ші халықаралық «Каспий – достық жағалауы» фестиваліне қатысып қайтты.

 

Ұрпағымызды ойласақ, екпе егуден бас тартпайық

Қазіргі таңда балаларына екпе жасатудан бас тартатын ата-аналар қатары өсе түскен. Әсіресе, дәстүрлі емес діни ағымдарға ерушілер қатарында мұндай жағдайлар жиі кездеседі.

 

Қуанышымызда шек жоқ

Адам алдына белгілі бір мақсат қойғанда, сол орындалғанша тағат таппай, тұрақты түрде оны іске асыруға жол іздеп жатады. Ол ұзаққа созылып кетсе, тіпті жайсыз күй кешеді. Мен де солай он жеті жыл бойы осы бір мақсатым орындалғанша өзіме де, басқаларға да маза бермей жүрдім. Ол мақсат – Қазақстанға белгілі жерлесіміз, жазушы-шежіреші Жайық Кәгенұлы Бектұровты еліне жете таныстырып, туған өңірінде аяулы есімін мәңгі есте қалдыру еді.

 

Ерлік – ұрпаққа ұран

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 72 жыл толды. Бүгінде қан майданнан  оралған  ардагерлеріміз де азайып барады.

Білім саласындағы берері мол бағдарлама

Биыл «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы қолға алынуда. Осыған байланысты облыстық білім басқармасының техникалық-кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Б.С.Сәдуақасовпен кездесіп, осы тақырып төңірегінде әңгімелеп беруін өтінген едік.

Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің?!

Еңбекпен келегн абырой

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!
Сондықтан да, келеді біле бергім…     

Әке беделі

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегінде атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында жастарымыздың аянбай еңбек ететіндеріне біз, орта буын ұрпақ өкілдері кәміл сенеміз, әрі соны тілейміз.

Көзге ыстық ескерткіш

Алпысқа тарта отбасы мекен ететін шағын Бұлақ ауылынан  да Ұлы Отан соғысына бас көтерер ер азаматтар түгел аттанып, солардың біразы Отан үшін  жандарын қиды.

Іскерлік танытар сәт келді

Сапалы тұқым – болашақ мол өнімнің кепілі екенін жете түсінген  аудан диқандары  алдарына биылғы жылы жақсы нәтижеге қол жеткізуді мақсат етіп қойған. Сәуір айы туысымен диқандардың қарбалас тірлігі басталды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері болашақ өнімнің қамымен қат-қабат шаруаның жетегінде  жүр.

Ардагерлер ардақтысы елімнің

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, аға ұрпақ өкілдеріне дендеріне саулық, баянды

Туған жерің – тұғырың

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі алғашқы ұйымдастыру отырысында аймақта осы бағытта атқарылатын жұмыстардың іс-жоспары қарастырылды.

Еліміздегі ең іргелі ұйым

 

Осыдан отыз жыл бұрын, 1987 жылдың 21 наурызында, Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында мемлекет деңгейінде тарихи конференция  өткен еді. Ол конференцияда республикалық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымын құру туралы шешім қабылданған болатын. Міне, содан бергі өткен отыз жылдың ішінде республикалық ардагерлер ұйымы еліміздегі ең ірі қоғамдық бірлестікке айналды.