Daily Archives: 12.08.2017

Мерекенің мерейін тасытқан шара

Көкшетау қаласында тұңғыш рет халықаралық жастар және құрылысшылар күніне арналған,  қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Қопа көлінің жағасында «OpenAir» шоу концерті өткізілді.

Инвестиция тартылуда

Астананың іргесіндегі елді мекендерде әлеуметтік нысандардың құрылысына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жеке инвестиция тартылуда.

Қажетті шөп қоры жасалуда

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл өңір пішеншілері 118,4 мың тонна, яғни, біржылдық шөп қорын дайындауды жоспарласа, бүгінгі күнге дейін 1033,4 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.

Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Достар» мәдениет сарайында өткен Құрылысшылар күніне арналған салтанатта құттықтау сөз сөйлеп, еңбегімен көзге түскен бірқатар құрылысшыларды төсбелгімен, медальмен және Алғыс хатпен марапаттады.

Құрылыс алаңындағы қарбалас

Соңғы кездері облыс көлемінде құрылыс жұмыстары қарқын алып, әлеуметтік-өндірістік нысандар бой түзеуде. Әсіресе,  тұрғын үйлер мен білім беру, денсаулық сақтау және спорт нысандарының ескілері жөнделіп, жаңасының салынып жатқаны  көңіл қуантады.

Өз ісінің майталманы

Құрылысшылар жер бетіндегі ең жасампаз мамандықтың иесі. Себебі, еліміздің дамуына осы бір мамандық иелерінің қосып жатқан үлестері зор. Менің баяндағалы отырған кейіпкерім осынау игі мамандықтың қыр-сырын меңгерген шебер де білікті құрылысшы – Зарап Кәрібайұлы.

 

Облыс орталығындағы ғимараттарды салуға қатысып, қаланың көркейіп дамуына өз үлесін қосып жүрген құрылыс компания- лары аз емес.

Солардың арасында «Отау-құрылыс» ЖШС-інің салып жатқан үйлері сапалылығымен ерекшеленеді.

Жаңа қазандық

Шаңтөбе кентінде құны 1,5 миллиард теңгеге жуық жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілуде.

Жұмыс қарқыны бәсеңдемейді

Елімізде тұрғын үй құрылысын, құрылыс индустриясын, құрылыс материалдарын өндіруді дамытудың және «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламалары ойдағыдай жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы қолға алынып, қарқынды жүргізілуде.

 

«Саясында сексен көл, иісі жұпар аңқиды-ау» деп ақын жырға қосқан Көкше өңіріндегі сексен көлдің жартысы әлдеқашан тартылып батпаққа айналған.

«Саясында сексен көл, иісі жұпар аңқиды-ау» деп ақын жырға қосқан Көкше өңіріндегі сексен көлдің жартысы әлдеқашан тартылып батпаққа айналған. Ал, барының өзі бүгінде ластанып, баяғы мөлдірлігі мен тұнықтығынан айырылған.

Жастарды не толғандырады?

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жастарды қолдау» партиялық комиссиясы өңірлік кураторының кезекті  отырысында «Облыс жастарының бос уақыттарын өткізуі және демалысы жайы» талқыланды. 

Шашыңды қима, жан қалқа…

Инабаттылық пен ибалық, кішіпейілділік пен кісілік, ізеттілік пен ізгілік бір бойынан табылатын қазақ қыздарының көркі қолаң шашы десек асыра айтпағандығымыз. Алайда, қазіргі таңда тілерсегіне дейін төгілген бұрымын ақшаға айырбастап, келілеп сататын қыздарды көптеп кездестіруге болады.

Алаш арыстары және тәуелсіздік

Жиырмасыншы ғасырдың басында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқымыздың әлем өркениетінің көшіне қосылып, даму жолына түсуіне мүмкіндік туған еді. Алаш ардақтылары осы мүмкіндікті көріп, соны пайдалануға өздері ғана ұмтылып қоймай, барша халықты жұмылдыруға күш салды.

Қара судың қандай пайдасы бар?

Су – тіршілік нәрі екені бәрімізге белгілі. Денеміздің басым бөлігі судан тұрады. Ағзамыздың әрбір жасушасы, терісі немесе мүшесі терезеңіздің алдындағы гүл сияқты суды қажет етеді.

Ақынның сөзі өлмейді

Шал ақынның әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Оның өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады.