Monthly Archives: Октябрь 2017

«Ағаш отырғыз!»

«ЯРКОкросс» марафонынан жиналған қаржыға облыс орталығына ағаш көшеттері отырғызылды.

«Ағаш көшетін отырғыз» республикалық коммерциялық емес экологиялық ұйымы Қазақстанды аралап, «ЯРКОкросс» жазғы қайырымдылық марафонынан түскен қаржыға ағаш көшеттерін отырғызды. «ЯРКОкросс» – салауатты өмір салтын қолдауға келетін адамдардың бояу фестивалі.

Менің – парасат мектебім

Жалынды жылдар уысындағы уақыттың өзіне ғана тән көз ілеспес шапшаңдығы болса, сол уақыттың белгілі бір бедеріндегі 2011 жылдың 19 тамызында Ақмола облысынан Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланғаным да күні кешегідей еді. Жылдар озды, күндер өтті. «Көзді ашып жұмғанша» дейтіндей уақыттан шапшаң, уақыттан жүйрік ешнәрсе жоқ екендігін тағы бір ұғындырып, міне, Сенат депутаттығымның өкілетті мерзімі де аяқталды.

Бұл жоба бағаны тұрақтандырады

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин халық көп тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компания-сы» АҚ ұсынған жобаны талқылауға арналған мәжіліс өткізді.

Бір орынбасар, бір басшы тағайындалды

– Мен сіздерді басшылықтағы бірқатар өзгерістермен таныстырып өткім келеді. Биылғы жылдың 25 қазанында ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Егор Яковлевич Каппель облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Биыл облысымыз егін жинау науқанын ұйымшылдықпен табысты өткізіп, жақсы астық алды. Бұл жетістікте осы салаға жетекшілік еткен Егор Яковлевичтің қосқан үлесі де

Ардагерлер – асыл қазына

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Көкшетау» мәдениет сарайында ардагерлер ұйымдары шығармашылық ұжымдарының облыстық байқау-фестивалінің қорытынды гала-концертіне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Концерттік бағдарлама Егіндікөл ауданының «Әжелер», Еңбекшілдер ауданының «Ақ жаулық» вокалды ансамбльдері мен «Көкшетау» халықтық би ансамблінің орта тобының орындауындағы құйқылжыған халық әндерімен басталды. «Нұр шашу» жиынтық атауымен орындалған алғашқы ән бірден

Жарқырай бер, театр жұлдызы!

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық орыс драма театрының құрылғанына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған аймақтық театрлар фестивалі қорытындыланып, жылдағы дәстүр бойынша үздік сахнагерлер анықталып, марапатталды. Сонымен қатар, облыстық театрдың іргесін қаласып, қанат жаюына, дамуы мен нығаюына белсене үлес қосып, қажырлы еңбек етіп келе жатқан театр қайраткерлеріне лайықты құрмет көрсетілді.

«Тұғырынан таймаған»

Былтыр, жоқ әлде өткен жылы ма екен, Еңбекшілдер ауданында құсбегімен кездескенбіз. Әуелі қыран құс, оны баптау туралы әңгіме өрбіген. Содан соңғы сөз бүркіттің жасы, оның атаулары туралы сабақталған. Білгенімізден білмейтініміздің көп екені рас. Талай тосын жайлардың беті ашылған.

«Арқа ажарының» қос ардақтысы

Жүз жылдық тарихы бар «Арқа ажары» газетімен өмірімді байланыстырғаныма да 19 жылдың жүзі болыпты. Осы уақыттың ішінде ғасыр жасаған байырғы басылымда еңбек еткен есімі ел-жұртқа танылған, өз жұмысын жақсы білетін, кәсіби біліктілігі жоғары маман аға-апаларды көріп, солардан көп нәрсені үйренгенімді айтсам, артық болмас. Олардың бәрі де өз ісін жетік білетін майталман мамандар, жұмысты жанын салып аянбай істейтін айтулы азаматтар болатын. Мен тек екі адамға, үлкен де, кіші де «Нақаң» атап кеткен жауапты хатшының орынбасары Нағима Тасқызы мен қырық жылдан астам корректор болып еңбек еткен Бағдат Рысмұхамедоваға тоқталғым келеді.

Жаңа орталық жемқорлықтың жолын кеседі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистерге облыс орталығында жыл басынан бері жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар, жол полицейлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат берілді.

Елді мекендеріміз келбетті ме?

Облыстық мемлекеттік сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фелбелт өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, Ақмола облысын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың барысы туралы баяндап берді.

Ағаш өңдейтін мамандар жетіспейді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы бойынша өңірлік партия кураторының комиссия отырысы болып өтті.

Барлық мәселелер заң аясында шешіледі

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқарма басшысы Талғат Әлмағамбетов «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жұмыс сапарымен аудандарда болды

Облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдин жұмыс сапарларымен Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл және Еңбекшілдер аудандарында болды.

Жәрмеңке көңілден шықты

Өткен сенбі күні облыс орталығындағы «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдындағы алаңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкені облыс әкімі Мәлік Мырзалин аралап көрді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл күні қала тұрғындарына жалпы көлемі 157,0 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Бурабай – туристер назарында

Өткен сенбі күні Бурабай баурайындағы «Айнакөл» қонақ үйі кешені аумағында «Four seasons» имидждік жобасы шеңберінде «Octoberfest Burabay» сыра фестивалі ұйымдастырылды.