Daily Archives: 21.12.2017

«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің 2017 жылғы 30-31 желтоқсан, демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі туралы

БЖЗҚ зейнетақы заңнамасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістерге байланысты, ағымдағы жылы зейнеткерлік жасқа толған және толатын салымшылар мен алушыларға, сондай-ақ, 1, 2 топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдарға мынадай мәліметтерді хабарлайды.

Ойын – баланың ой-өрісін өсіреді

Тәлім-тәрбие берудің бастауы – мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту елімізді баянды ету бағытында атқарылып жатқан іс. Бүгінгі таңда бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан қоғамның ертеңгі иелерін тәрбиелеп өсіру – отбасының, бала бақшаның, барша халықтың міндеті. Бүгінгі рухани жаңғырту үрдісінде мұны дұрыс шешу – жас ұрпақ санасында рухани мәдениетті қалыптастырумен бірге қаралады.

Ұлттық сана мен білім ошағы

Жаздың жаймашуақ базарлы күндері тарқап, қыстың қаһарлы мезгілі бастау алар шақта Қазақ үшін ең бір қастерлі оқиға – Тәуелсіздік мерекесі табалдырығымызды аттайды. Азаттықтың ақ таңы арайлап атқан осы күн әрбіріміздің жүрегімізді тербеп, еркіндіктің шуақ нұрын себелейді.

Иә, бұл азаттық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ғасырлар бойы аттың жалында жүріп, қолдарынан үкілі найзаларын тастамаған бабалар жолы қалтарысы көп, қарбаласы да аз емес тірліктің терең тамырынан нәр алғаны ақиқат.

Туған топырағына тартып туған текті жан

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектептер ғылым академиясының (Қазақстан бөлімі) Құрметті академигі, Еларалық қоғамдық Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы-ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы 1927 жылы 15 тамыз күні Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Алтынды кенішінде алтын өнеркәсібі жұмысшысының отбасында дүниеге келген.
Бар саналы ғұмырын ғылымға арнап, ұлтымыздың жоғын түгендеуге, есесін жібермеуге аянбай қайрат танытып, еңбек сіңірген тұлға көзі тірі болғанда биыл тоқсан жасқа толар еді.

Осы таңдауым өзіме ұнайды

Өзім Жамбыл облысының Амангелді ауылында туып- өстім. Жастайымнан ауыл шаруашылығы техникасын жүргізуге және осы саланың жұмысын жеңілдетуге құштар болдым. Осы арманым Астана қаласындағы Қазақ агротехникалық университетіне алып келді. Жоғары оқу орнын 2008 жылы тәмамдағаннан кейін инженер-механик мамандығы бойынша туған өңірімнен жұмыс таба алмадым.

Жастардың тәлімгері

Шын мәнінде мемлекеттік қызметшінің қалыптасу жолы оңай емес. Қоғамда «Мемлекеттік қызметші» түсінігі әр саладағы қызметке байланысты қалыптасады. Әрбір азамат күнделікті өмірде мемлекеттік қызметшімен бетпе-бет жолығып жататыны белгілі.

Адам өнегесі – өмірлік өнеге

Ағымдағы жылдың қараша айының соңғы онкүндігінде, дәлірек айтқанда, 25 қараша күні кезінде еліне елеулі, халқына қалаулы болып өткен асыл азамат Төрехан Мұхаметұлы Ивахиннің рухына арнап жаңа мешітіміздің асханасында дұға берілді. Алыс-жақыннан келген туыстар, құда-жекжат, ұрпақтары еске алып, жақсы лебіздерін білдіріп жатты. Төрехан жездемнің еліне, халқына сіңірген еңбегі орасан зор, ел игілігі үшін атқарған үлкен қызметтерін айтпағанның өзінде, адами қасиеттері, қарапайымдылығы, өз ісіне адалдығы бір төбе.

Әлеуметтік желілерде жат ағымдарды насихаттауға жол берілмейді

«Дін және дәстүр: рухани құндылық және қазіргі заманның талабы» атты тақырыпта өткен ғылыми-практикалық конференцияда қазақстандық

Заңға жетік болсақ та, Ана тілімізге шорқақтығымыз қалмай келеді

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған бойда қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялағаны баршамызға белгілі. Бірақ, өкінішке орай, мемлекеттік

Тұрсынбек Кәкішев және Сәбиттану мәселелері

Тұрсынбек Кәкішев қазақ әдебиеттану ғылымында көп іс тындырған, көрнекті тұлға. Ол осы саланың ыстығына да, суығына да тоңған, шираған, көп талас-тартыстарды да басынан өткерген, өзінің ұстазы Есмағамбет Ысмайылов сияқты «Әдебиеттің еңбекторысы» (М.Әуезов) аталған бір туар талант. Халық арасында Тұрсекең атанған Тұрсынбек Кәкішев сөздің шын мәніндегі еңбекқор ғалым.

Ұлтқа қорған – замана тұлғаларын танытқан қайраткер

«Ұлт қалай жетілмек?», «Қазақ ұлы мұратына қалай жетпек?», «Қағидаға айналған қателер қалай түзетілмек, санадағы жаралар қалай жазылмақ?»,

Академик Тұрсынбек Кәкішев:

Адал еңбек етсең, атақ абыройлап өзі іздеп табатын көрінеді.

Өткенін ескеріп, келешегін кемелдендірейік

Туған жер! Туған ел! Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әр қалай түсінетін де шығар. Ал,

Ел қуаты – бірлігінде

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастырумен «Қазақстан-2050» Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезекті

Тағайындау

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы өкімімен Марал Жақыпова Ақмола облыстық тілдер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.