Monthly Archives: Февраль 2018

Толғанысқа толы туынды

«Театр киім ілгіштен басталады» деген тәлсім бар. Тегін айтылмаған. Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының

Олимпиада мәреге жетті

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары да мәресіне жетті. Күні кеше спортшыларымызды додалы жарысқа үлкен үмітпен шығарып салған едік. Үміт мүлдем ақталмады деуге болмас, десе де күткендегідей жақсы нәтижеге қол жеткізбегеніміз анық.

Жас суретшілер байқауы

Шығармашылықпен айналысатын дарынды балалармен жұмыс жасау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының базасында өткізілген «Бояулар құпиясы» биенналесі жас суретшілердің есінде жарқын түсті бояуларымен, сөз жетпес әсерімен сақталатын болды.

Колледждегі тақырыптық кабинет

№7 агротехникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда Қазақстанның экономикалық жетістіктерінің ықпалы да сөз болды. Колледж оқытушылары мен дәріс алушылары бағдарламаның маңыздылығына тоқталды. Достанбек Есжанов құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақты патриотизмге, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге шақырды.

Жазушымен жарқын жүздесу

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ойларды жүзеге асыру аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевпен кездесу кеші болып өтті.

Мешіттің ақылдастар алқасы құрылды

Науан хазірет мешітінде күнделікті діни мәселелерді жамағатпен ақылдаса отырып шешу мақсатында ақылдастар алқасы құрылды.

Бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев сот тәртібінде қаралатын даулар санын азайтудың, оларды шешудің баламалы әдістерін енгізу маңыздылығы туралы айтқан болатын. 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жаңа редакциясында тараптарды татуластыру мәселелеріне аса назар аударылған, «Татуластыру рәсімдері» атты бөлек тарауында татуласу келісімін және дауды медиация тәртібімен, партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін жасау сияқты тараптардың татуласу әдістері нақты реттелген.

Жұмыстың күрделілігіне қарамастан, атқарылған іс қомақты

Ақмола облыстық дін істері басқармасында «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ермек Баяділов өткен жылғы

Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту оң шешімін табуда

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Халықтың жұмыспен қамтылуын

Ұлттық арнаның жаңа маусымы

2018 жылдың 26 ақпаны күні Қазмедиа орталығының 5-ші студиясында «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Ұлттық арнаның көктемгі телевизиялық маусымымен таныстырып, жаңа жобалары жайлы айтып, 2017 жылдың негізгі жетістіктерін атап өтті.

Абырой биігін бағындырып…

Біздің әрқайсымыз өзімізге ұнаған, үлгі тұтатын, оның игі қасиеттерін өз бойымыздан табылса деп армандайтын, оған ұқсағымыз келетін бір адам болады. Ұлы Абай атамыз да «болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ол адамның әдеттерін, жүріс-тұрысын өзімізден көрсек дейміз. Бүгін мен сіздерге көңілі көл дария, өмірге деген құлшынысы зор, мінезі ашық та жайдарлы, әрі әріптес, әрі ақылшы – ғажап жан Ләззат Қалқышева туралы сыр шерткім келіп отыр.

Индустрияландыру игілікке бастады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деп атап көрсетілді. Бұл алға қойылған міндеттердің бірінші тарауын қамтып тұр. Яғни, индустрияландыру экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде еселенген мазмұн ала бермек.

Туған елінің қамын ойлаған жан

«Красный маяк» кеңшарының негізінде құрылған «Сепе-1» серіктестігі бүгінгі таңда аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі. Ауылда әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті тұрып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етуде.

Жеке сот орындаушылар институтын дамыту – заман талабы

5 институттық реформаның екінші реформасы «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» болып табылады.

АҚОРДА

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның