Daily Archives: 10.02.2018

Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

ХХІ ғасырды жұртшылық бүгінде «ақпарат ғасыры» деп атап жүр. «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз қазіргі заманның нақылына айналғандай. Ақпараттың барлық игіліктің алдына шығуына интернеттің тигізіп отырған ықпалы аз емес екені белгілі. Ғаламтор жыл санап қарқынды дамып барады. Ол бүгінде пайдалы ақпарат алып, бос уақытты көңілді өткізуге арналған құрал болудан қалды. Миллиондаған адам ғаламтор арқылы тәп-тәуір ақша тауып, тіпті, соны күнкөрістік кәсіпке айналдырғандар да бар.

XXIII Қысқы Олимпиада ойындары басталды

Кеше Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиада ойындары басталды. Осы қысқы Олимпиада ойындарына 57 жолдама жеңіп алған 46 қазақстандық спортшы қатысуда. Олар спорттың тоғыз түрінен сынға түспекші.
Қазақстандық олимпиадашылар қатарында Ақмола облысынан Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Валерия Тюленева, Алина Райкова, Денис Волотка, Евгений Величко сынды алты спортшы бар.

Қола жүлдегер

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы мен Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы ұйымдастырған турнирде он жасар жерлесіміз Вячеслав Толмачев Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Тарихтың өнегелі сабағы

Облыс орталығындағы №1 сервистік-техникалық колледжінің қабырғасында ашылған рухани жаңғыру кабинетінде «Ата-бабамыздың тарихы, мәдени байлығы – өскелең ұрпаққа мұрағат» тақырыбында конференция болып өтті.

Көкен ақын ізімен

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Көкен ақын

Өңір тынысы

Астрахан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астрахан аудандық орталық кітапханасында «Ауыл тарихы жаңғыруда» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Шараға ауыл ақсақалдары В.Удовиченко, Е.Тұржанов, Г.Савина, Я.Удовиченко, И.Михель және жергілікті №2 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Мерей еңбекпен өседі

Қазақ халқының ұстазға деген құрметі ерекше болған. Ертеректе үлкеннің балаға берген батасы: «Рахмет қарағым, мұғалім бол!» деген қасиетті сөздермен басталатын. Көшеде келе жатқан жастар ұстаздарын байқап қалса алдымен барып сәлем беретін, көлік ішінде кездессе, бірден орындарын ұсынатын. Әрине, уақыт өте көзқарас та, талғам да өзгереді. Бірақ, жақсы адамдардың дені балалық шақтарында көңілдерін тапқан, өмірге, білімге деген құштарлықтарын оятқан мұғалімдерге деген құрметтерін әсте естен шығарған емес және ұмытпайды да.

Академик Кенжеғали Сағадиев

Әр дәуір өзіне лайықты дара тұлғаларды туғызып келгендігі хақ. Қазақ халқының бүгінгі сол дара да дана ұлдарының бірі – есімі әлемге әйгілі ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев!

Түске сенуге бола ма?

Материалистік түсінікті санасына сіңірген адамдар түске сенбейді және оны мидың қызметімен байланыстырады. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда Жүсіп пайғамбардың түс жорушылығы туралы сүре бар. Египет пірғауынының көрген түсін жорып берген Жүсіп пайғамбардың айтқандарының бәрі айнымай келеді. Осыған қарап, дәстүрлі дінде түстің Алладан берілетін ақиқат екендігін аңғаруға болады.

Лекер әулие және ұрпақтары

Ақын, публицист Сайлау Байбосын Баянауыл, Ереймен өңірінен шыққан тылсым қасиет иелері жайында зерттеп, ел аузында сақталған әңгімелерді жинап мақалалар сериясын жазып жүр. Осының алдында газетімізде «Әліпбайдың диуанасы» деген мақаласы жарияланған еді. Енді назарларыңызға өткен ғасырларда осы өңірде өмір кешкен қасиет иесі Лекер әулие мен оның ұрпақтары жайындағы мақаласын ұсынып отырмыз.

Аты ұранға айналған Байтайлақ батыр

Қазақ тарихының ең бір ауыр кезеңі қазақ пен жоңғар арасында жүз жылға созылған ала шапқын, қанды қырғын еді. Қазақ хандығының іргесі

Төрт ұстазымыз жеңімпаз атанды

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы еліміз бойынша жылына үш мәрте тәуелсіз «Үздік ұстаз» байқауын өткізіп келеді. Бұл байқаудың басты мақсаты – педагогикалық жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген ұстаздарды анықтап, олардың іс-тәжірибелерін әріптестері арасында кеңінен тарату.

Мұғалім даярлау – маңызды міндет

Жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған барлық Жолдауын жіті қадағалап отырамын. Биылғы Жолдау да менің назарымнан тыс қалмады. Мұны кәсіби қызметімнің ерекшелігіне байланысты ғана емес, сонымен қатар, өз елінің азаматы, патриоты ретіндегі міндетім деп санаймын.

Тіліміз тазарып қалар еді

Латын әліпбиіне көшу мәселесін өз басым қуана қолдаймын. Қазірдің өзінде көптеген адамдар осы әліпбиге біртіндеп көшіп келе жатыр деп айтуға әбден болады. Мәселен, фейсбукта латын әліпбиінде жазып, ақпарат алмасуда. Әсіресе, шетелдегі қандастарымыз әлмисақтан латын әліпбиін қолданатындығы белгілі.

Нарықтық өрістегі үлес кеңейді

«Театр киім ілгіштен басталатынының» мән-мағынасын білсек те, тіршілік атаулы кәдімгі пештен басталатыны даусыз. «Түтінің түзу шықсын» деп