30 жыл прокуратура саласында

Бүкіл саналы өмірін прокуратура саласындағы қызметке арнаған Талғат Әлмағамбетов таяуда еңбек демалысына шықпақшы. Зейнеткерлікке жеткен де, жетпеген де бар. 1987 жылы Свердловскінің Р.Руденко атындағы заң институтын бітірген жас маман сол кезде өмірлік таңдауын жасаған еді.

Алғашында Щучинск ауданаралық прокуратурасының тәжірибеден өтуші тергеуші қызметін атқарған ол кейінірек Володар ауданына ауысты. 1992 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Бурабай табиғатты қорғау прокуратурасында тергеуші, содан кейін облыстық тергеу комитетінің тергеушісі, Көкшетау көлік прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды. Өз міндетіне адал, тапсырылған істі тындырымды орындайтын жігіт қызмет баспалдағымен көтеріліп, Бұланды ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы прокурорының қауіпсіздік қызметі жөніндегі көмекшісі, қаржы полициясы органдарындағы заңдылықтарды сақтау және қадағалау бөлімінің прокуроры сияқты лауазымдарды атқарды. 2011-2015 жылдар аралығында Көкшетау көлік прокуроры болып істеді. Ал, 2015 жылдың 29 маусымынан Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Ақмола облыстық басқармасының басшысы болды.
Бүгінде пайғамбар жасына келіп, зейнеткерлікке шыққан Талғат Әлмағамбетов қай салада, қай жерде қызмет етпесін, өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен жанын сала істеумен ерекшеленетін. Бірге қызмет істеген біздер үшін іскер басшының зейнеткерлікке кетуі өкінішті, әрине. Дегенмен, өмір заңы өз дегенін жасайды. Біз барша басқарма ұжымы Талғат Есмұханұлына деніне саулық, отбасына береке-бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу комитеті облыстық
басқармасының ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар