5 700 000 онна ақық дән!

Бұл – ақмолалықтардың биылғы маңдай тер жемісі, күш-жігер жеңісі

 

Тәуелсіз еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы ерен тұлғалардың бірі – Есілбай Қадыралин! Ол жастайынан комбайн штурвалына отырып, өзінің адал еңбекке деген құлшынысымен, таудай талабымен алдына жан салмады. Жер-Ана төсіне дән сіңірген көгілдір көктемде, егінжай алқабынан ел ырыздығы жиналған қоңыр күзде  болсын, оның ақ адал маңдай термен қол жеткен жоғары көрсеткіштері көпшілікті тек сүйсіндірумен болды. Есілбай еңбекті қадір тұтса, сол еселі еңбек Есілбайды абырой-құрметтің ең биік шыңына шығарды. ВЛКСМ Орталық Комитетінің мүшесі, Берлинде өткен Бүкілдүниежүзілік жас-тар мен студенттер фестивалінің делегаты, Комсомол және СОКП съездерінің делегаты, Ленин орденінің иегері. Бұл атақ-даңқына кейін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атағы қосылды. Осылайша Көкшетау облысы Қызылту
ауданы Комсомолдың 50 жылдығы атындағы кеңшардың трактор-егіс бригадасының бригадирі егіншілік шаруашылығын дамытудағы зор жетістіктері үшін сексенінші жылдардың басында Социалистік Еңбек Ері жоғары атағына  ие болды.  Бұл кезде Есілбай Қадыралин  небары 29 жаста еді. Сөйтіп, ол осы жоғары атаққа қол жеткізген еліміздегі ең жас өндіріс озаты болды.
Осы жуырда ғана баспадан даңғайыр диқанның өмір және еңбек жолы туралы «Еңбек ері Есілбай» атты деректі кітап жарық көрді. Кезінде  бүкілодақтық, республикалық мерзімдік басылымдардан бастап облыстық, аудандық басылымдарға дейін Есілбай Қадыралин туралы жазбаған бірде-бір газет-журнал жоқ. Сол көркем очерктер, мақалалар мен фотосуреттер  топтастырылған мазмұнды кітапты бүгінгі жастарымыз үшін  Отанды сүюдің, туған ел, халқың үшін қалай еңбек етудің нағыз үлгі-өнегесі десек, артық емес.  Өзінің бар саналы ғұмырын сайын дала төсінде еселі еңбекпен өткізген, сөйтіп, қалың қазағының, өзге ұлт өкілдерінің шынайы сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген Есілбай аға да ертеңгі Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыстың құрметті қонағы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар