Category Archives: Еңбек

Жөндеушілер қарқыны

«Қамқор-Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалы өз саласы бойынша еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірінен саналады.

Жұмысты жаңаша жүргізудің жемісі

«Родина» агрофирмасы» серіктестігі – көп салалы дамыған ауыл шаруашылығы құрылымы. Шаруашылықта Елбасы Жолдауында атап

Өнегелі орманшы

Сапарғали Қасқаровтың есімі өңір орманшылары арасында құрметпен аталады. Ол тамылжыған табиғат қойнауындағы Шолақ өзек ауылында туып өсті. Табиғаттың әуеніне, орманның үніне құлақ түріп өскен Сапарғали балаң арманын жүзеге асыру мақсатында Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетіне түсіп, орман және саябақ шаруашылығы мамандығында білім алды.

Шебердің қолы ортақ

Қазіргі нарықтағы жағдайға тез бейімделе алған көкшетаулық Равиль Баймұратовтың есімі автокөлік жүргізушілеріне жақсы таныс.
Колледждегі оқуын тәмамдаған соң жеңіл автокөліктерді жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсету орталығына слесарь болып жұмысқа орналасқанынан бері он бес жыл сырғып өте шығыпты. Алғашында кеңес үкіметінен қалған ескі-құсқы жеңіл көліктердің қозғалтқыштарын жөндеуді игерсе, бүгінгі таңда шетелдің кез келген техникасының ақауын ретке келтіретін өз ісінің хас шебері.

Исі жұпар аңқыған сабындар

қарапайым қолөнер шеберінің қолынан шығады

Ертеректе сақар қайнатып, кір сабын жасапты дегенді естуші едік. Ал, қазіргі уақытта қолы епсекті адамның ешбір технологиялық құрылғысыз иіс сабын шығаруы өзгеше өнер екені даусыз.

Еңбек өмір шамына май сыйлайды

немесе мерекелердің мәні туралы тәмсіл

Ежелден мереке адам өмірінің ажырамас серігі болып табылады. Мерекелік салт қалыптастырудың алғашқы маңызды белгілері біздің ғасырға дейінгі 50-30 мың жыл бұрын пайда болған, шамамен сол кезеңде, ежелгі қоғамда өнердің алғашқы бастамасы қалыптаса бастады: жартастағы суреттер, тасқа, сүйекке қашап салынған бедерлі суреттер. Адам үшін табиғат әрдайым шабыт тудырады. Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдері тізбегі, көзге көрінетін аспан денелерінің қозғалысы, жануарлардың ойындары – адамзат қоғамы дамуының келесі кезеңінде климаттық құбылыстардан туындайтын мерекелер пайда болды.

Ұстаз ұлағаты көпке өнеге

Мәңгілік ел болудың басты шарты – ұлттық және жалпы адамзаттық қажеттілікті құндылық ретінде ұстанатын әр мемлекеттің өз даму жолы.

Еңбек марапаты

«Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы Астана қаласын салуға және Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар компания басшыларын медальмен марапаттады.

Сала озаттарына құрмет көрсетілді

Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда Энергетик күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтіп, елімізді, соның ішінде Ақмола аймағын электр қуатымен қамтамасыз етіп келе жатқан сала қызметкерлерінің еңбегіне ризашылық білдірілді.

Еңбек адамы ардақталды

Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Застанционный үлгілі кітапханасында еңбек адамының мәртебесін асқақтатқан мәдени іс-шара болып өтті.

Мал баққанға дәулет бітеді

Бұланды ауданындағы «Даниловка» серіктестігі мал шаруашылығын дамытуға көп назар аударады. Серіктестік бригадирі Иван Богердің айтуынша, бүгінгі таңда ірі қараның саны жеті жүз басты құрайды. Оның көбі қазақтың ақбас тұқымдас малы.

Алтын қолды дәрігер

Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, ортопед-травматолог, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі Владимир Цойдың есімі облыс жұртшылығына жыға таныс. Оның шипалы қолын сезінген науқастар «Алтын қолды дәрігер» деп ағынан жарылады. Өздігімен еркін қозғала алмай қалған, жамбас және тізе буынымен ауыратын науқастардың көпшілігі осы дәрігердің көмегіне жүгінсе дертіне дауа табатынына сеніммен қарайды.

Бала арманы адастырмады

Жүйткіген пойыздар, ағылған жолаушылар машинист Ерлан Әубәкіровтың күнделікті өмірі. Әрі-бері ағылған пойызды тізгіндеу теміржолды өмірлік серік етіп алған оның бала кезіндегі арманы еді. Жазғы демалыста өзімен құлын-тайдай тебіскен достары күн ұзаққа асыр салып, ойын қуса, Ерлан таң

Еңбек шарты не үшін керек?

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы еңбек және тікелей онымен байланысты қатынастарды реттейді. Еңбек құқығы қатынастары – бұл қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы еңбек шарты негізінде пайда болатын және одан туындайтын, онымен тығыз байланысты заңдық қатынастар.

Еңбек адамы жан-жақты қорғалады

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгертулер енгізілді. Бұл кодекс жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынасы саласында мемлекеттік араласудың шекарасын нақты анықтайды. Екі жақ мүддесінің тепе-теңдігін есепке алып, олардың рөлі мен жауапкершілігін реттейді.