Category Archives: Мәслихат

Зеренді ауданына әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясына қатысып, депутаттардың толық келісімін алғаннан кейін ауданға жаңа әкімді тағайындады және актив жиналысын өткізіп, жаңа әкім Бауыржан Ғайсаны таныстырды.

Әлібек Баймағамбетов, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы: «Депутат үшін сайлаушылардың сенімінен асқан құрмет жоқ»

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына ширек ғасыр өтті. Осы мерзім аралығында халық қалаулылары ел үшін біраз істің басын қайырып, маңызды шешімдер қабылдады. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысты. Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов бізбен әңгімесінде бүгінгі таңда әр деңгейдегі мәслихаттар халық пен билік арасын берік жалғап, өңірдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған істерді келісіп атқаратын ашық алаңға айналғанын айтты.

Маңызды мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов облыстық мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияда бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар қаралды.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2019 жылғы 6 қыркүйекте сағат 11.00-де мин. Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сайлаушылар арасында болып келді

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болды. Депутат сайлаушылармен кездесулер өткізді, аудан кәсіпкерлерімен әңгімелесіп, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен пікір алмасты. Олардың сайлау учаскелеріндегі проблемалық мәселелерді қарастырды.

Әкімнің ісіне жақсы баға берілді

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясында облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

Сессияның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов қатысып отырды.

Үш жылдың еншісінде ауыз толтырарлықтай істер бар

2018 жыл қызықты, маңызды оқиғаларға толы болды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да қоғамдық институт ретіндегі

2019 жылы жаңа сайлау комиссияларының құрамын сайлау қорытындылары туралы Ақмола облысының облыстық мәслихатының хабарламасы

Ақмола облысының жаңа сайлау комиссиясын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2019 жылғы 15 қаңтарда сағат 12.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын. Сессияның қарауына «Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» сұрағы енгізіледі.

Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы С. Аяғанов.

Үш жылдың бюджеті бекітілді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдиннің қатысуымен өткен алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті 27-ші сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді. Сессияға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалардың басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәслихат депутаттарының сайлауы өтті

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Ақмола облыстық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 24 тамыздағы №53/30 қаулысымен қазанның 28-і күні Атбасар, Бурабай, Жақсы, Зеренді аудандары және Көкшетау қалалық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына депутаттардың сайлауы өтті.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2018 жылғы 30 қазанда сағат 15.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Бюджет қаралды, өзгерістер енгізілді

Кеше облыс әкімі Мəлік Мырзалин алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясына қатысты. Сессияда облыстық мәслихаттың «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Мәслихат шарасы

Кеше «Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық қоғамдық Кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен

Бірлескен мәжілістің мәмілесі

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен облыстық Қоғамдық кеңестің бірлескен мәжілісінде «2017 жылдың облыстық бюджетінің орындалуы туралы» мәселе қаралды.