Monthly Archives: Январь 2015

«Мама, қашан мен бала бақшаға барамын?..»

Былтыр облысымыздан «Балапан» бағдарламасы бойынша төрт бала бақша ашылды. Соның нәтижесінде біраз бүлдіршін бақша табалдырығын аттағанымен, кезекте тұрған 24007 баланың жағдайы әрі-сәрі ойға қалдырады.

Шағын мектеп – мұқтажды мектеп

Адам бойындағы ұлттық мінез-құлық қасиеттері мен туған халқымыздың рухани болмысын қалыптастырудың негізін қалап, шәкірттерге ана тілінде білім беріп келе жатқан шағын ауылдарымыздағы  шағын жинақты мектептерге қазіргі нарық жағдайында мемлекет тарапынан қамқорлық жасау ауадай қажет болып тұр.

Майдангер алғысына бөленді

«Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагері Пелагея Гвоздиковаға атаулы көмек көрсетті.

Еңбегімен еңселі

Облыс орталығындағы кәсіпкер Болат Баязитов басқаратын «Береке-Көкше» серіктестігінің «Әсем» ательесінен қажетті қысқы сырт киімдердің неше түрлісін көруге болады. Әсіресе, жаңадан тігілген тон, пальто және курткалар көздің жауын алады. Мұнда келушілер де негізінен осы сырт киімдерге тапсырыс береді. Бұл жолы тәжірибелі тігіншілер облыстағы құқық қорғау органдары мен қарулы күштер құрылымдарына және өзге де қызметтерге арнайы киімдерді тігу үстінде. Кәсіпорында өз ісінің майталман шеберлері көп. Олар өз шеберліктерімен ұжым мақтанышына айналған.

Суретте: еңбек озаттары, тігіншілер К.Есмағамбетова, К.Жүсіпбекова, К.Танива және киім пішуші Н.Ващенко жұмыс үстінде.

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Көп жайлар қамтылды

Аудан әкімі Төлеген Ташмағамбетовтың қатысуымен Зеленый бор селолық округі әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтіп, ауылдың жағдайы ортаға салынды.

Атқарылған істер бар

Наумовка селолық округінің әкімі Зәмзәгүл Шәріпова тұрғындар алдында берген есебінде  көкейкесті мәселерді де назардан тыс қалдырмады.

Алтын бізде

Словакияда ХХVІІ қысқы универсиада өтіп жатыр. Бұған дейін қос алтын медальмен жалпы командалық есепте екінші орында келе жатқан Қазақстан құрама командасының қоржынына тағы бір қола  қосылды. Оны шаңғыдан Анастасия Слонова жеңіп алды. Бұл біздің спортшының осы жарыстағы екінші медалі. Бұған дейін ол әйелдер арасындағы спринтте топ жарып, құрамамызға алғашқы алтынды сыйлаған еді.

Сәби өміріне себін тигізеді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов облыстық перинатальдық орталыққа тегін құрал-жабдықтарды тапсыруға арналған қайырымдылық шарасына қатысып, сөз сөйледі.

Құны 56 миллион 880 мың теңге тұратын бұл жабдықтар өткен жылы «Асыл Мирас» қоры мен «Rixos Borovoe»  қонақ үйінің бірлесіп өткізген «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруі барысында жиналған қаржыға сатып алынды. Осы орайда, Болат Өтемұратовтың басшылығымен құрылған «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының  директоры Марат Айтмағамбетов сөз сөйлеп, қайырымдылық шарасының мән-маңызына кеңінен тоқталды. Ал, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, ана мен бала денсаулығы күн тәртібінде тұрған өткір мәселе  екеніндігіне тоқталды.

Өңірлік ақпараттық саясаттың тұжырымдамасы қабылданады

Кеше облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен Ақмола облыстық әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат  құралдары жөніндегі  қоғамдық кеңестің мәжілісі болып өтті. Мәжілісте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева «Мемлекеттік ақпараттық саясатты

Бірлескен жоба іске асырылуда

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров Беларусь Республикасынан келген инвесторлармен кездесіп, Көкшетау қаласында жүзеге асырылатын «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалардың Қазақстан-Беларусь индустриялды-технологиялық паркі» инвестициялық жобасын пысықтады.

Жаңа арна табады

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында  облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров кеңес төрағасы болып сайланды.

Келесі жылу маусымына бүгіннен дайындалу керек

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өткен жылғы бюджеттің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары, сондай-ақ, алда  тұрған  міндеттер жан-жақты сөз болды.

Бес бойдаққа бір той…

Өткен жексенбі күні Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында белгілі жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Қырманбайдың тойы» шығармасының желісі бойынша қойылған «Бес бойдаққа бір той» комедиясының премьерасы болып өтті. Қойылымның режиссері – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбай. Қоюшы суретшісі – Ләйлә Нәбиева.

Өшпейтін өмір

Адам көз жұмғаннан кейін біртіндеп көңіл көкжиегінен таса қала беретін сияқты ма, қалай?! Ара-тұра есіңе түсіп, аяулы бейнесін, тірліктегі іс-әрекетін ойға алып, рухымен сырласқандай болғаныңмен, мына жанталас өмір естен шығармайтынды сап еткізіп есіңнен шығартып жібереді. Осы бүгін ғана Флюра жеңгеміз Көкшенің бір биігіне баланатын Тельман Елубаев ағамыздың  туғанына 75 жыл толып қалғанын жеткізіп, еске алу рәсіміне шақырғанда, қарадай қысылып қалдым.

Ғосман төлеғұлдың жаңа аудармалары

Көп жылдар бойы мемлекеттік қызмет атқарып, оның ішінде біраз уақыт облыстық тілдерді дамыту басқармасын басқарып, қазіргі кезде еңбек демалысына шыққан жергілікті журналист-жазушы Ғосман Төлеғұлұлы өзінің шығармашылық қарымымен де жерлестерін жылдан-жылға тәнті қылуда. Ана тілі мен орыс тілін қатар меңгерген ол әуел бастан екі ұлт қаламгерлерінің маңызды шығармаларын, жалпы білім мен ғылымның, тарих пен әдебиеттің, мәдениет пен өнердің аса қажет жауһарларын, яғни, екі халықтың өркениетке қосқан айтулы туындыларын бір-біріне жеткізуді өзіне мақсат еткен екен.