Daily Archives: 01.01.2015

Жылқы жылы мен қой жылының айтысы

Сарыарқаның етек-жеңі кең пішілген, сайын даласы аппақ қарға оранып, құлаққа ұрғандай тыныштыққа бөленіп, үнсіз мүлгіп жатыр. Мөп-мөлдір, тіктеп қараған жанның көз жанарын қарықтыратын бұдырсыз, біркелкі ақ шапанға оранған алқаптың тыныштығын болат тұяқтардың дүбірі ғана бұзғандай. Бір күн еріп, бір күн қатып, желтоқсанның өзінде жылымық болып жатқан қысқы, бетіне пышақ қырындай мұз қатқан қасат қарды кіршілдетіп ойып, жалы құлағынан асатын, сауырына екі кісі еркін сыйғандай, шоқтығы биік, тілерсегі жуан жүйрік жер танабын қуырып келеді.

Бірлік. Береке.

Жаңа жыл қашанда үлбіреген үмітке толы, жағымды жаңалықтардың бастауы іспетті. Жылқы жылының соңғы күндері Сарыөзек ауылдық округіне жол түсті. Ел ішінде елең еткізер, тақырып таңдаған, талғаған қалам ұстаған адамға талғау болар жай аз емес. Мал бағасының өсуіне орай ауыл тұрғындары қолдарындағы мал басын көбейте бастапты.

Бұл қуаныш!

Владимир Муханов премьер-лигаға өткен ақмола-лық «Оқжетпес» футбол клубы-ның бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Тсс!.. жылмен бірге Әзіл келе жатыр!..

Берік САДЫР

Сиырдың сыры

«Сиырдың сыры» дедік пе?.. Ағыл-тегіл айтайын.
О баста, қай заман, қай ғасыр екені белгісіз, бізде жабайы күн кешіп, тағы боп тау-тас-та күн кешіппіз. Тағылық тірлігімізден хабарымыз жоқ, әйтеуір күндердің күнінде қолға үйретіліп, адам ақылының арқасында соның қарамағына өтіп, төрт түлігінің санатына қосылып, «саналы» тірлікке көшіппіз ғой…

2014 жыл сіз үшін қандай қуанышымен есте қалды? Жаңа 2015 жылға ең басты тілегіңіз қалай өріледі?

Абылай ҚАМБАТЫРОВ, «Сочинское» ЖШС директорының орынбасары,  Атбасар аудандық мәслихатының депутаты:

«Балапан» – бала бастауы

Биыл да баса көңіл бөлінетін осы аттас бағдарламаның арқасында өңірде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері көбейе түспекші.

Денсаулық болса, бәрі болады

Өңірде 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.  Бұл орайда, осы бағдарлама мәресіне жететін 2015 жылдан да үміт мол.  

Ерлердің есімін ұмытпаудың бір жолы – «Боздақтар» кітабы

ол мерекелі жылы толықтырылып, қайта  жарық көрмекші

Барша адамзат баласы үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің орны ерекше. Осы ұлы күнге 2015 жылы 70 жыл толмақшы. Әрине, ата-бабаларымыздың осы бір ерлік ісі ұрпақ жадында мәңгілік сақталатыны анық. Облыста Ұлы Жеңістің кезекті мерейтойын тиісті деңгейде атап өту үшін дайындық жұмыстары күні бұрын қолға алынған болатын.

Кәсіпкер мектеп оқушыларын қуантты

Облыс орталығындағы №15 мектепте Жаңа жылдық  сыйлықтар үлестірілді.

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

 «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1309 Қаулысына сәйкес Жаңа жылдан бастап зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің мөлшерлері артатын болады.

Тарихы тағылымды ұлтпыз

Ұлт тарихының ең өркешті де, белесті кезеңі – оның ұлт болып ұйысып, ел болып құралып, жеке шаңырақ боп, ұлттық мемлекеттік негізін құрау кезеңдері болса керек. 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы болғанымен, біздер үшін аз да, көп те емес.

Қуантсақ, бүлдіршінді қуантайық

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген білім беру қызметкерлері кәсіподағының Жаңа жылдық шыршасы балғындарға үлкен қуаныш сыйлады.

Оқырманға бір ауыз сөз

Тағы бір таң атты. Бұл таң ерекше. Рауандап атқан Жаңа жылдың алғашқы таңы. Көп ұзамай сіздердің қолдарыңызға облыстық «Арқа ажары» газетінің жаңа жылдық алғашқы саны да тиеді. Сондықтан, мұндайда оқырманға бір ауыз сөз арнау әрбір басылымның жылдағы дәстүрі болса керек. 

Қош келдің, Жаңа 2015 жыл!

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы

Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Әр жылдың өз ерекшелігі бар, 2014 жыл да облыс тарихында өзінің айрықша ізін қалдырып, есте қалар оқиғалармен сипатталды. Біз Жылқы жылын шынайы ықылас ниетпен шығарып салып отырмыз. Себебі,  бұл жылы біз  меже тұтқан биігімізге жетіп, сенім артқан асуымыздан астық. Осының бәрі біздің одан әрі қарышты дамып, алға жылжуымызға қосымша қарқын қосты. Біз табалдырығымыздан аттағалы тұрған жылға да сергек сеніммен, үкілі үмітпен қараймыз.