Daily Archives: 10.01.2015

Ойламаған жерден…

Державинск қаласында қайғылы жағдайдан екі жұмысшы опат болды.

Сырма көше береді…

Шетінде ескі ауылдың, бала күнім,
Жайлаймын жер мен көктің аралығын.
Ойнаймын құрбылармен қиқуласып,
Қорғанды қардан  үйген  жарады үнім.

Жазушы жұлдызы жарқыраған жыл

Өткен 2014 жылдың соңы есімі елімізге белгілі көрнекті жазушы-журналист, публицист, жерлесіміз Сарбас Ақтаев үшін  есте қаларлық жарқын оқиғаларға толы болды.

Өз киноларымызға неге басымдық бермейміз?!.

Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына түріктердің «Сүлеймен сұлтан» кинотуындысы сияқты қазақ халқының тарихын тереңінен баян ететін киноэпопея түсіруді тапсырды.

Алға басқандық байқалады

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Астрахан ауданында болып, өңірдегі істің жайына назар аударды, сондай-ақ, аудан активімен кездесіп, Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай, биылғы жылы атқарылуға тиісті жұмыстарды пысықтады.

Бөлмелерімізде көк Туымыз тұр

Тәуелсіздіктің бізге беріп отырған бір игілігі, жастарға барлық кеңістіктер мен жолдардың ашылғандығында деп білемін.

Мемлекет басшысы еліміздің кемел келешегінің білімді де зерделі ұрпақтың қолында екендігін үнемі қадап айтып отырады. Осы бағытта елімізде жастарға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Назарбаев зият-керлік мектептері мен Назарбаев университеті сияқты заманауи білім ошақтары  бой көтеруде.

Жолдау жігер берді

Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы халқымыздың өз өмірі мен келешегіне деген сенімін арттыра түсті.

Адамның беймәлiм қырлары

Ғылым күннен-күнге қарыштап дамып келедi. Ашылып жатқан жаңалықтар таң-тамаша қалдырады. Медицина туралы да осылай деуге болады. Әйтсе де, ғасырлар бойы адам жинақтаған бiлiм табиғаттың кейбiр қылықтарын, әсiресе, тағдырдың сырын түсiндiрiп беруге қауқарсыз.

Түс – көркем туынды

Қандай күштің әсері екенін кім білсін, мен үшін жас кезімнен түстің алатын орны ерекше. Бұдан 20-15 жыл бұрын жазылып қойған кейбір түс мазмұндарынан қазір айрықша белгі аңғарамын.

Жаны сұлу қарт еді

Өмір мәңгілік емес! Өтпелі дүниенің талайғы бір өмір кезеңінде өзің білген, тіпті сол білгеніңді қойып, сыр алғы сыйлас болған сәттеріңнің кейіннен келіп, ауыр күрсіне отырып еске түсер сәттері де туады екен. Қазір сол күйді бастан кешіп жүрген жай бар. Бұл өткелді өткен күндеріңнің елесті бір сағымды шағы екен. Сағымды жылдардың сағынышы да бар.  Әсіресе, адам баласы жарық дүниеден озып, көзден ғайып болғаннан кейін, көңіл түпкірінде тек сол адам жайлы әлдебір жақсы әсермен қайталап айта бергің келер әлдебір жайлар ғана қалады екен.  Дүниеден  қайтқан  әр  адам  бір-бір  өмір  болса, енді сол өмір жайлы, кешегі тірі күндерінің тіршілігі жайында айтып, сыр толғау керек.

Степногорскінің Атымтай жомарты

Сынаптай сырғып, тау бұлағындай құлдилап аққан пенде ғұмыр көз ілеспес жылдамдықпен сырғитын тәрізді. Биіктен еңіске мың бұралып, бұлқынып аққан бұлақ суынан із қалмас. Ал, әр күнін еңбекпен мағыналы етсе, бел буып бейнетпен белдессе, адамнан кейінгіге – өнеге, жастарға – жақсы мысал іспетті, ізетті із қалмақ. Бәрінен болмағанымен, ел мерейін үстем етуге, өз мерейін биіктетуге талпынғандардан. Талап- ты азамат, ынталы перзенттен.

Тарихи зердені жаңғыртқан ұлтжанды тұлға

Мазмұн мен форма үйлескен, философиялық ойларға негізделген тарихи шығарма бір ғана ұлттың рухани дүниесі болып қалмайды, әлемдік құндылықтың асылдары қатарына қосылады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының өткені мен бүгінгісін, адамшылық табиғаты мен азаматтық тағдырын танытуда Ілияс Есенберлин романдарының орны ерекше екендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, әсіресе, қазақ елінің дәуірлеу шағы мен

Тамаша кинотуындының тағылымы

Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жалынды жастық шағы мен саясат әлеміне басқан алғашқы қадамын қамтитын «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші фильмі жарыққа шыққаны белгілі. «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Теміртау» фильмдерінің логикалық жалғасы ретінде түсірілген «Тығырықтан жол тапқан» атты кинотуындыға барша қазақстандықтар жылы пікір білдіруде. Осы орайда, жас ұрпаққа үлгі боларлық, тәрбиелік маңызы зор көркем картина жайында «Арқа ажары» газетінің редакциясында Ақмола облыстық соты ардагерлер кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибаділов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ардагер ұстазы Таңсық Жұрын,  Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі директорының орынбасары Гүлнәр Қадырәлиева және Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Фархадбек Қанафиннің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылған еді.

Келушілер аз болды

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  аясында іске асырған жобаларының нәтижелерін талқылауға арналған қоғамдық тыңдау өткізілді.

Кәсіпкерлікке кең өріс ашқымыз келеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына бір жылдан астам уақыт өтті. Осы аз ғана уақыттың ішінде бұл ірі бизнес қауымдастығының қызметі жақсы бағасын алып үлгерді. Әр жаңа жыл өзекті мәселелерге жауап іздеп, қорытынды шығаратын, сондай-ақ, алдағы міндеттерді белгілейтін кезең екені белгілі. Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллинмен сұхбаттымыз осы бағытта өрбіді.