Daily Archives: 21.02.2015

Дүбірлі дүние

Ұлттық валютасынан мән кетті

Молдавияда ұлттық валютаның құлдырауынан халық дүкендердің сөрелерінен азық-түлік өнімдері мен тауарларды жылан жалағандай етуде. Тек соңғы тәуліктің өзінде бағаның екі рет қымбаттауы салдарынан ірі сауда орталықтарында ұбақ-шұбақ кезектер пайда болды.

Асабалар да салық төлейтін болды

Жаңа жылдан бері салық жүйесінің баптары күшейтілді. Енді алдағы уақытта қайыршылар мен жезөкшелер ғана емес, такси жүргізушілері, асабалар мен өнер адамдары да өздерінің табыстарын заңдастырып, тапқан нәпақасынан салық төлеулері тиіс. Мұны салық органдары қатты қадағаламақшы. Бұл жаңа үрдіс жөнінде өнер адамдарының өздері мен мамандар не дейді?

Ұрпақтар сабақтастығы – ұлағатты іс

 «Нұр Отан» партиясы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыруда. Оның аясында отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған оңалту жұмыстары жүргізіледі.

 

Бақыттың бір белесі

 «Сөз өнері дертпен тең» депті Абай хакім. Арғы астарында жаратылыстың жұмбақ құдіретімен тұла бойыңа дарыған өнерді әлдебір дәрінің қуатымен немесе қылпылдаған қандауырмен сылып тастай алмас едіңіз. Тайқы маңдайға жазған тағдырдың сыйы да. Бәлкім, тым-тым ауыр, бәлкім, сөздің құны бөздің құнынан арзандап кеткен бүгінгі заманда қадірі кем, қасиеті аздау көрінгенімен, табысы шамалы, жалақысы жарытымсыз болғанымен, ат төбеліндей қалам ұстаған қауымның жол ортасында мамандық ауыстырып, басқа кәсіпке төселіп кеткенін көре қойған жоқпыз. Қаншалықты жанын жеп, жүйкеге салмақ салатын қияпатты шаруасы бастан асып жатса да, әуел бастан жан жүрегімен қалап, бүкіл ғұмырыңды арнаған сөз өнерінен енді қайтып ат кекілін үзіп кете алмас едіңіз. Дерт дейтіні де содан шығар.

Ақтау мен Атырауға ұшақпен

Ақтау – Көкшетау – Ақтау бағытында жаңа авиарейс ашылды. Ақтау әуежайынан  күндізгі сағат 12.30-да ұшып шыққан ұшақ Көкшетауға сағат 15.00-де келіп қонады. Көкшетау әуежайынан ұшу уақыты сағат 15.40. Ақтау қаласында 17.10-да болады. Ұшақтар әр әуежайдан жергілікті уақыт бойынша ұшады.

КӨП БОЛЫП ҚОЛДАЙЫҚ

Биыл Атбасар өңірінен шыққан қазақтың аса көрнекті  жазушысы, қоғам қайраткері Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толғалы отыр. Елінің өткені мен бүгінін ойлап, сүбелі тарихи туындылар жазған тұлғаға лайықты құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың абзал парызы. Қазір қаламгер есімін  мәңгі есте қалдыру үшін өзінің туған жерінде еңселі ескерткіш орнату бастамасы қолға алынуда.

Жаңашыл ғылыми жоба

Соңғы бірнеше жылдар бойы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен көпсалалы №5 «Таңдау» гимназиясы арасында «Жоғары оқу орны – мектеп» эксперимент алаңы жұмыс істейді. Мұның өзі ғылымға есік ашуда зор мүмкіндіктің бірі болып табылады.

 

Жігіттен жігері, қатарласынан қайраты артық

латыш қызы Қарлыкөлде мал өсіріп отыр

 Бұлақ селолық округіндегі Қарлыкөл ауылында қаршадай қыздың табын-табын мал өсіріп жатқандығы жайында Жаңаауылдағы малсақ азамат Құлан Болатовтың шаңырағында отырып естіген едік. Жігіттен жігері артық, ерден ерлігі артық осы бір жанның тіршілігін өз көзімізбен көріп, анық болса, елге үлгі етсек деген ой көкейге түйіліп қалып еді. Таяуда соның да сәті түсті.

Төл тарихымыз тереңде

Биыл қазақ елі өзінің төл тарихының тұңғиық тереңінен сыр ақтаратын – Қазақ хандығының құрылуына байланысты айшықты оқиғаны атап өтеді. Қазір жер-жерде алаштың ұлылығын паш ететін хандар өнегесі жайлы мерейтойлық шаралар бастау алды.

 

Дерек пен дәйек

Демографиялық ахуал

2015 жылдың 1 қаңтарында  облыс халқының саны 736528 адам болды. Соның ішінде қалалық жерде 347303 адам, ауылдық жерде 389225 адам тіркелді.

Жас келсе – іске

 Жақында Көкшетау қаласындағы осы заманғы кірпіш өнімдерін шығаратын «Енки» зауытында болғанымызда, жұмысшы кәсібінің көрігін қыздырған жап-жас қазақ қызын кезіктірдік. Демек, ер азаматтарды былай қойып, жаны нәзік жандар да жұмысшы мамандығының қыр-сырына қаныға алады екен ғой.

 

Жемқорлықтың дені білім саласында

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында  өткізілген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жазылмас дертке айналған осы бір кеселге қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тағы бір талқыға салынды. 

Ақмолалықтар Ассамблея ұсынысын қызу қолдауда

Көкшетаудағы «ENKI» кірпіш зауытының еңбек ұжымы бірауыздан Президент сайлауы елдің одан әрі жедел дамуына жол ашатынын мәлімдеді.

Парламент Сенаты Мемлекет басшысынан Президент сайлауын тағайындауды сұрады

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қарап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Үндеу жолдады.

 

«Қазақстан-2050» Демократиялық күштері жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

 Қадірлі отандастар!
Еліміздегі беделді де өкілетті диалогтық алаң ретінде «Қазақстан-2050» Демократиялық күштерінің жалпыұлттық коалициясы түрлі көзқарас пен ұстанымдағы