Monthly Archives: Март 2015

Жаза басып, жауап берді

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде өткен тәртіптік кеңестің кезекті отырысында бірқатар заң бұзушылықтар қаралды.

Зағиптар көмекке зәру

Облыстық кітапханада  Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы  Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен зағип және нашар көретін жандарға арналған «Шектеулі мүмкіндік – шектеусіз қажеттілік» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

Қыста кенже қалып отыр

 «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында партияның облыстық және қалалық мәслихаттардағы фракцияларының бірлескен отырысы болып өтті. Жиында Бурабай өңірінің туристік әлеуетін дамыту мәселелері қаралды.

 

Қазақстан халқының басым көпшілігі сайлауға баруға дайын

 Қазақстан халқының басым бөлігі кезектен тыс сайлау өтетіндігі жайында хабардар және олар өз кандидатына дауыс беруге әзір. Бұл туралы бүгін Астанада Демократия институтының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

 

Орталық құрылды

 2015 жылдың 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілетіндігіне байланысты Ақмола облысында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларына, шетелдік БАҚ өкілдеріне көмек көрсету мақсатында орталық құрылды. Орталық Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 106 үйдің 322 бөлмесінде орналасқан. Телефондары: 8 (716 2) 25-65-81, 25-65-80.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Құрметті сайлаушылар!

 Ақмола облыстық әкімдігінің www.akmo.gov.kz ақпараттық порталында алдағы келе жатқан  ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына арналған «ЖСН бойынша өзіңнің сайлау учаскеңнің мекенжайын біл!» бөлімі құрылған.  Сіз ол бөлімдегі «Өзіңіздің ЖСН-іңізді енгізіңіз» деген үлгіде жасалған ұяшыққа өз ЖСН нөміріңізді теріп, «жіберу» нүктесін басу арқылы өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекен-жайы мен байланыс нөмірін біле аласыз.

Сайлауға дайындық мәселесі қаралды

Облыс әкімі Сергей Кулагин Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысын талқылау мақсатында облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті.

Келбетімен көрікті, өндірісімен өрісті болса екен

 Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы орталық саябақ пен Даңқ аллеясын аралап көрді, сондай-ақ, бірқатар өндіріс ошақтарының жұмысына назар аударды.

 

29 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Астана қаласының жылу-электр орталығының жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ, сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров қатысты.

30 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының өнеркәсіптік нысандарында болды.

Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бiрлiк» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Халық банкі Директорлар кеңесінің төрағасы А.Павлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері Олег Дымов, Роман Ким, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшелері М.Пішембаев, М.Бегентаев, А.Нұркина және тағы басқалары бар.

29 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Елордадағы «Астана-Көгалдандыру» акционерлік қоғамы кәсіпорнында болды.

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов бірлестік жұмыскерлерін өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Жағымды жаңалық

Көкшетауда бүйректің қатерлі ісігіне тұңғыш рет хирургиялық скальпельсіз ота жасалды.

Керегін таңдап, алып жатты

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында Наурыз мерекесіне арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкені облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров аралап көрді.

Олқы тұстарды алға тарту керек

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде 2015 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, көктемгі су тасқынының алдын алу тәрізді айрықша маңызды мәселелер қаралып, бірқатар шаралар белгіленді.

Өнімді өңдеуде іркілістер бар

Бесінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының  отыз бесінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Сергей Кулагин, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев және облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек  қатысты.