Daily Archives: 16.04.2015

Қайыршылар әдетін қояр емес

Жуырда редакциямызға Көкшетау қаласынан оқырманымыз Құмарғали Досов хабарласып, қаптап кеткен қайыршыларға қатысты құқық қорғау органдары тарапынан қандай шаралардың қолданылып жатқандығын сұрап білуімізді өтінген болатын. Біз ел ағасының бұл өтінішін жерде қалдырмауды жөн көріп, осы мәселенің анық-қанығына жетуге асықтық.

Көкшеге өнер сапары

 

Кеше Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атын-дағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен келіп, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музы-калық-драма театрында драматург Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббат-намасын көрермен назарына ұсынды.

 

Ой қосуыңызға болады

Соңғы бес-алты  жылдан бері сәуірдің 15-ші жұлдызын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – ғашықтар күні деп атап жүрміз.
Бірақ, бұл күннің ешбір құжатпен белгіленбей, ешбір тарихи оқиғаға да негізделмегені анық.

Елге еңбегі сіңген тұлға

Мемлекет және қоғам қайраткері Оразбек Қуанышевтың туғанына 80 жыл

Ұлт үшін туған Тәшенев

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музы-калық-драма театрында Қазақстан Республи-касының халық әртісі Ерсайын Төлеубайдың халқымыздың біртуар перзенті, қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің ел үшін сіңірген еңбегі кеңінен суреттелген «Алдаспан» атты драмасының премьерасы сәтті сахналанды.

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

Су тасқыны болу қауіпі кезеңінде тұрғындарға психологиялық көмек  көрсету  мақсатында  мына  мекен-жайлар  бойынша  келесі  
телефон желілері ашылды: Көкшетау қаласында – 8(716-2) 55-14-74; Атбасар ауданында – 8(716-43) 2-44-22;  Целиноград ауданында 8(716-51) 9-52-22.

Сенбілікке шығайық

Кеше облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен өткізілген жиында 18 сәуір күні облыс аумағында ұйымдастырылатын сенбілікке әзірліктің жай-жапсары пысықталды.

 

Есеп беру нәтижесі – нақтылы өзгерістерде

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды дамыту, тұрғын үй құрылысы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ алдағы уақытта қоғамды топтастыру үшін,  ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан бастап 18 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есеп беру кездесулері өткізілді.

Батыс мәдениетінің теріс ықпалы айтылды

ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Орал қаласындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

 

Ертеңгі күнге сенімді арттырады

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысына келді. Бұл жерде олар ұлт Көшбасшысы жақтастарының Форумына қатысты, облыс белсенділерімен, Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен «ШевронМұнайГазИнк» компаниясының қызметкерлерімен кездесті.

 

Қатердің беті қайтарылуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Сандықтау, Атбасар, Астрахан, Целиноград аудандарында болып, көктемгі су тасқыны қауіпі бар аймақтарды аралап көрді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары  Владимир Божкомен Астана қаласы маңында орналасқан елді мекендердің қар еру кезіндегі жағдайын әуеден тікұшақпен бақылап шықты.

Қазақ елі – Мәңгілік ел

Қазақтың сайын даласының көк аспаны көк байраққа көмкеріліп, қанатын қомдап, қалықтап ұшқан қыран  құс асқақ биікке ұмтылады. Тоныкөк болып тебіреніп, Білге қаған болып білегін сыбанып, егеулі найзаларын қолға алып, тұлпардың тұяғын тоздырып, ұлан-ғайыр өлкені қызғыштай қорғаған асыл хандарымыз ел болмақ үшін мәңгілікке түзеген ұлы көшіне биыл бес жарым ғасыр толғалы отыр.

Тіршілік табиғат заңына бағынып дамиды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесті.  Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов мекеме жұмысшыларына өз сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын ортаға салды.