Daily Archives: 26.12.2015

Елдікті жырға қосты

Облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Нұрсұлтанның нұрлы жолы» атты облыстық ақындар мүшәйрасы болып өтті.

Әз-ағаның әлемі

 Асыл ағамыз, ұлтымыздың абызы, КСРО Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, Халық   Қаһарманы, Астанадағы  Қалибек  Қуанышбаев атындағы  драма  театрының  көркемдік  жетекшісі болған   Әз-ағамызбен жақынырақ танысуыма сол жылдардағы  «Астана» журналының бас редакторы, жазушы  қаламдасым  Жұмагүл  Саухат себепкер  болып еді.

 

Бізден бетің қайтып болды-ау, туған тіл!..

Жуырда, атын атамай-ақ қояйын, редакция тапсырмасымен бір үкіметтік емес ұйым өткізген  жиналысқа қатыстым. Шақырушылар азаматтық сектор мен журналистердің арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарды талқылаймыз, шараға Астанадан арнайы маман келеді дегесін, кәдімгідей құлшынып-ақ барғанбыз.

Ауылдың иті

 Оң жақ сауырында жас баланың алақанындай қалы бар қара төбет қарға адым жерді мұң қылған алай-дүлей алапат ақ боранда адасып кетті. 

Ізгілік ізі

Тіршілікке солмайтын шуақ, таймайтын қуат берген алтын шапақ күн көзі көтерілгенде, Ақылбай аға өзіне тән сабырлылықпен ақырын аяңдап үйінен шығады. Көңілі жай. Тұла бойы, ішкі жан сарайында мына өз әдетінше сырғып жатқан жарық дүниеге бір құштарлық бар.

Жүрегі жомарт, қолы алтын

Қолөнер шебері Мария Павловнаны шортандылықтардың барлығы таниды десек, қателеспеспіз. Өйткені, ол бұл өлкеде бұрыннан бері тұрады, әрі денсаулық сақтау саласына да біраз еңбегі сіңген.

Жастардың талабы зор

Облыс орталығындағы №18  орта мектептің 6 сынып оқушысы Алина Пикулина өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылған «Тілі басқа, тілегі бір, жүзі  басқа, жүрегі бір» байқауында жүлделі орынға қол жеткізді.

Бірлігі жарасқан ауыл

1936 жылдың  күз айы.  Сайын далаға алыс-жақын елдерден жер аударылғандар қоныстанып жатты. Сол кездері береке-бірлігі жарасқан Каменка ауылының іргесі қаланады деп кім ойлаған?!.

«Қазақстан немістері» көрмесі

«Жаңару» облыстық немістер қоғамы Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан немістері» деген тақырыппен фотокөрме ұйымдастырды.

Альдиевтер отбасы

Әлемде ұлты да, діни сенімі де әртүрлі адамдар бары белгілі. Ал, біздің Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың құтты қонысына айналды. Солардың бірі – ауданымыздың Күншалған өңірінде тұратын  Альдиевтер отбасы.

Тілі басқа болса да, тілегі бір

«Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Партияның  50 тұлғасы» жобасының қатысушысы Александр Агафоновтың пікірінше, отбасы ең алдымен еліміздің болашағы саналатын өскелең ұрпақ тәрбиесінің ошағы болуы керек. Себебі, отбасылық құндылықтар қоғамның  қазығын қатайтып, біздің жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне мол ықпал етеді.

«Мөлдірдің» алар асуы көп

Бүгінгі қоғамда бауыр еті – баласының білімді, мұнымен қоса, өнерлі болып өскенін қаламайтын ата-ана кемде-кем. Баласын спортқа, ән мен биге баулу үшін ақылы үйірмелерге дейін апарып жүр. Ал, кейбіріне мына қымбатшылық заманында «балам өнерлі болсын» деген арманын ығыстырып қоюға тура келіп жатады.

Ұлттар достығының жарқын бейнесі

Біздің еліміз –  көпұлтты мемлекет. Қай ауылға   барсаң да, бауырлардай тату-тәтті өмір сүріп жатқан  сан халықтың өкілдерін кездестіресің. Осы орайда, бұл бейбіт күнге сеп болған басты құқықтық негіздің  Ата Заң екендігін атап өткен абзал.

Отанымыз ортақ

Бейбітшілікті – әке болу, ана болу бақыты, бала-шағаның денсаулығы деп түсіну керек. Отбасы шағын мемлекет деп жатамыз. Елдің берік болуы алдымен сол мемлекеттің іргесін құрап отырған отбасылардың беріктігіне байланысы болса керек.

Татулық – елдіктің биік өлшемі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Уақыт бір орында тұрмайды, ол біздің алдымызға сараптамалық жұмысты жетілдіріп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда халықтың әр табын қатыстыру сияқты жаңа міндеттер қояды», – деп атап өткен болатын.