Daily Archives: 19.01.2016

Ғасыр жасаған ғимарат

 2015  жылы іргетасының қаланғанына 170 жыл толған Атбасар қаласында ескі заманнан хабар беретін  ғимараттар сол баяғы қалпын сақтап, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Соның бірі – Атбасар аймағына есімі кеңінен танымал атақты көпес Петр Беловтың салғызған екі қабатты мектеп-гимназиясы.

 

Дағдарыс пен тойшылдық…

 Жаңа жылдың алғашқы күндері де басталды. Биылғы мешін жылы экономист сарапшылардың пайымдауынша, әлемдік дағдарыстың шарықтау шегіне жетер жылы болмақ. Әсіресе, жыл соңына қарай инфляция деңгейі ең биік межеге жетпек. Содан кейін дағдарыстың екпіні қайтып, 2017 жылдан бастап өндіріс өрге басады, дейді сарапшы мамандар.

 

Жаңашылдар фестивалі

 Щучинск  қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының  базасында  педагогикалық  идеялар  фестивалі болып,  оған  Бурабай  ауданы  білім  беру  жүйесінің  89  маманы  қатысты.

 

Белсенділікпен

 Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай басталған «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы жалғасын табуда.

 

Балаңыз кітап оқи ма?

 Әкемнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Шолақ қол әйел» дастандарын бізге жатқа айтатыны есімде. Бұл осыдан он-он бес жыл бұрын еді. Ал, біз балаларға нені жатқа оқып бере аламыз? Сананы тұрмыс билегеннен бері кітап оқуды шетке ысырып қойдық. Балалар өздері оқып алады деген іштегі оймен айтарымызды тағы іркеміз. Балалар не оқып жүр, бұған аса көңіл де бөле бермейміз. Ауылға ат ізін салып, бес-алты ай қырдағы ағайындармен араласып қайтқанымда кітап құшақтап жүрген жастарды көрмедім. Қынжылады екенсің.

 

Мектептегі тыңдаудың берері мол

 Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде орын алатын өзекті мәселелерді шешуде тек ұстаздар ғана емес,  ата-аналар болып күш салғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Ата-аналар алдында 2015-2016 оқу жылында республикалық қоғамдық тыңдаулар (көпшілік алдындағы ашық баяндамалар) өткізу тұжырымдамасы» әзірленіп бекітілген болатын.

 

Қоғам тұрақтылығы – басты құндылық

 

Газетімізде бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен ішкі саясат саласында атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен  ағымдағы жылға арналған мақсат-міндеттер сараланған алқа мәжілісі  болып өтті. Бүгін біз осы шарадан арнайы есеп жариялап отырмыз.

 

Сот жүйесіндегі өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді

 Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет БАҚ өкілдерінің алдында ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің жаңа нұсқасын қабылдауға қол қойған еді. Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс сот саласында заман талабына сай қолға алынған жаңа өзгерістерге жол ашатын маңызды құжат болып табылады.

 

Алматы алды ма мәңгі құшағына?!.

Алматыдан қазақ баспасөзінің бүгінгі ақсақалдарының бірі Есмұхамбет Айтмағамбетов ағамыздың қайтыс болғаны туралы суық хабар келіп жетті.

Біздің чемпион!

Жерлесіміз  Батухан Шырақпаев еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Жаңа кәсіби өлшем

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  департаментінде «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Екі ұрпақ өкілдері кездесті

«Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы аясында аудандық орталық кітапханада «Егемен елдің ертеңі» атты тақырыпта аға ұрпақ пен жастардың кездесуі болып өтті.

Толғандырған мәселелер баршылық

Жуырда қала әкімі Нұржан Қамбатыров жергілікті тұрғындармен кездесіп, өткен жылдағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жылда атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.

Тексеру комиссиясының мүшесі тағайындалды

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясы болып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев консультациялар өткізді

 Мемлекет Басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді. Кездесуге сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты.