Monthly Archives: Март 2016

Мигранттар заң бұзады

Көші-қон мәліметтеріне сүйенсек, жыл санап Ақмола облысына алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін азаматтар саны көбеюде. Мәселен, өткен жылы өңірімізде шамамен 30 мыңға жуық мигрант тіркеліпті.

Ұстаз еңбегі ардақталды

Аудан орталығындағы Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалы Асқаровтың туғанына 85 жыл толуына орай, еске алу кеші болып өтті.

 

Балалар қатерлі дертке шалдықпаса екен

Ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі заманда да туберкулез адамзат баласына үлкен қатер төндіретін дерт күйінде қалып отыр. Елімізде бүгінгі таңда осы қатерлі індет біршама бәсеңсіп, жағдай тұрақтандырылды десек те, атқарар шаруа көп. Осы орайда, туберкулезге қарсы күрес шараларын босаңсытпау басты міндет болып табылады.

Баршаға ортақ мейрам

 Қазақстан халқы арасындағы достық пен бірлікті нығайтып, ертеден келе жатқан дәстүрді жалғастыру мақсатында облысымыздың қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  қарасты еңбекпен түзеу мекемелерінде Наурыз мейрамы өз деңгейінде атап өтілді.

 

Балаларынан арақ артық

Адам өмірінің ең бақытты есте қаларлық кезі – балалық шақ десек, сол балдай тәтті балалық шағы ересектердің кінәсінен азапқа айналған тірі жетім балдырғандар қатары көбейіп барады.

Кәмелетке толмаған шылым шегуші жазаланды

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кәмелетке жасы толмаған Б. есімді жасөспірімге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Нағыз ән жүректен шығады

Көкшетау» мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 25  жылдығына орай, «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты облыстық композиторлар фестивалі болып өтті.

Таңғажайып дүние

Алтыншы құрлықтың құпиясы

Антарктиданы 1820 жылы орыс саяхатшысы Беллинсгаузен ашқан. Аумағының 99 пайызы қалыңдығы 4-5 шақырымдық мұзбен құрсанған алтыншы құрлықтың басқа материктерден ерекшелігі көп. Антарктида әлемнің үш алып мұхитымен шектесетін жалғыз континент. Ол Атлант, Үнді және Тынық мұхитымен шектесіп жатыр. Сондай-ақ, алтыншы құрлықта жыл он екі ай бойы ауа температурасы нөлден төмен түспейді және ұйытқыған боран бір үзілмейді.

Білім мен руханияттың қайнар көзі

«Кітап – білім бұлағы» деп текке айтылмаған. Барлық білімді, рухани азықты кітаптан алуға болады. Оқырмандарға осындай игілік сыйлайтын облысымыздың бас кітапханасы – Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының негізі 1946 жылы қаланған. 1992 жылы кітапханаға қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың есімі берілген болатын. 

Мұғалімдердің желілік қоғамдастығы

білім берудің жаңа әдістеріне игі ықпалын тигізбекші 

Бағдарламаның көмегі тиді

Еңбек өтілі көп  жандардың бірімін. Сондықтан, кәсіп игерудің мүмкіндігі туралы айта аламын. Мәселен,  жыл сайын шағын бизнесті қолдау үшін мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінуде.

Үздік жасақ бастығы

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Үздік жасақ бастығы» облыстық байқауы болып өтті.  

Қосшы кентіндегі «Қазына-SR» серіктестігінің жиҺаз цехындағы қондырғылар мен станоктар Германия мен Италиядан сатып алынған.

Мұнда металл қаңқалары, парта, орындық тәрізді өнімдер жасалып шығарылады. Цехта отыздан астам адам тұрақты

Университетте өткен конференция

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асырудың негізгі аспектілері» атты ғылыми практикалық  конференция болып өтті.

Төрт бағытты таңдап алды

Ауданда жастардың ресурстық орталығы еріктілердің клубын құрды. Белсенді жас қыз-жігіттердің басын қосқан клуб төрт бағытта – әлеуметтік, экологиялық, мәдени-көпшілік және отансүйгіштік бағытында жұмыс істейтін болады.