Daily Archives: 29.03.2016

Балаларынан арақ артық

Адам өмірінің ең бақытты есте қаларлық кезі – балалық шақ десек, сол балдай тәтті балалық шағы ересектердің кінәсінен азапқа айналған тірі жетім балдырғандар қатары көбейіп барады.

Кәмелетке толмаған шылым шегуші жазаланды

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кәмелетке жасы толмаған Б. есімді жасөспірімге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Нағыз ән жүректен шығады

Көкшетау» мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 25  жылдығына орай, «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты облыстық композиторлар фестивалі болып өтті.

Таңғажайып дүние

Алтыншы құрлықтың құпиясы

Антарктиданы 1820 жылы орыс саяхатшысы Беллинсгаузен ашқан. Аумағының 99 пайызы қалыңдығы 4-5 шақырымдық мұзбен құрсанған алтыншы құрлықтың басқа материктерден ерекшелігі көп. Антарктида әлемнің үш алып мұхитымен шектесетін жалғыз континент. Ол Атлант, Үнді және Тынық мұхитымен шектесіп жатыр. Сондай-ақ, алтыншы құрлықта жыл он екі ай бойы ауа температурасы нөлден төмен түспейді және ұйытқыған боран бір үзілмейді.

Білім мен руханияттың қайнар көзі

«Кітап – білім бұлағы» деп текке айтылмаған. Барлық білімді, рухани азықты кітаптан алуға болады. Оқырмандарға осындай игілік сыйлайтын облысымыздың бас кітапханасы – Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының негізі 1946 жылы қаланған. 1992 жылы кітапханаға қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың есімі берілген болатын. 

Мұғалімдердің желілік қоғамдастығы

білім берудің жаңа әдістеріне игі ықпалын тигізбекші 

Бағдарламаның көмегі тиді

Еңбек өтілі көп  жандардың бірімін. Сондықтан, кәсіп игерудің мүмкіндігі туралы айта аламын. Мәселен,  жыл сайын шағын бизнесті қолдау үшін мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінуде.

Үздік жасақ бастығы

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Үздік жасақ бастығы» облыстық байқауы болып өтті.  

Қосшы кентіндегі «Қазына-SR» серіктестігінің жиҺаз цехындағы қондырғылар мен станоктар Германия мен Италиядан сатып алынған.

Мұнда металл қаңқалары, парта, орындық тәрізді өнімдер жасалып шығарылады. Цехта отыздан астам адам тұрақты

Университетте өткен конференция

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асырудың негізгі аспектілері» атты ғылыми практикалық  конференция болып өтті.

Төрт бағытты таңдап алды

Ауданда жастардың ресурстық орталығы еріктілердің клубын құрды. Белсенді жас қыз-жігіттердің басын қосқан клуб төрт бағытта – әлеуметтік, экологиялық, мәдени-көпшілік және отансүйгіштік бағытында жұмыс істейтін болады.

Өзімізде болса, ұтылмаймыз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXVII съезінде сөйлеген сөзінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының алыпсатарлық арқылы өсуіне жол бермеудің маңыздылығына ерекше назар аударған болатын. Әсіресе, өзімізде шығарылған тауарларды қымбаттатудың ақылға сыймайтыны баса айтылған еді.

Заман талабына сай жаңарған заң

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын сот саласын дамытуға жете көңіл бөлінген. Өткен жылдың  31 қазанында Елбасы Ақордада тұңғыш рет БАҚ өкілдері алдында жаңа заңды бекітіп, қол қойған еді.

 

Балаларымызбен басқа тілде сөйлесуімізді қашан қоямыз?!.

Жолдасым екеуіміз де жұмыс істейтіндіктен, кішкентай қызымызға үйдегі қарт апайымыз қарайды. Шынын айтсам, балапанымның көпті көрген, мінезі де салмақты, оның үстіне сөйлегенде бір ауыз орысшаны қоспай, таза қазақ тілінде сөйлейтін әжесінің тәрбиесінде болғанына қуанамын. Себебі, айналасындағы  жандардың жүріс-тұрысы, істеген әрекеті, жалпы, ауыздан шыққан әрбір сөз баланың өсіп-жетілуіне қатты әсер ететіні белгілі. 

Жеткіншектер жүлде әкелді

 Алматыда спорттық биден өткен «Almaty Open 2016» үшінші халықаралық турнирінде жерлестеріміз  жүлделі екінші орынға қол жеткізді.