Daily Archives: 14.05.2016

Жас каратэшілердің жеңісі

Қосшы селосында жас спортшылар арасында каратэ-додан ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  чемпионат өтті.

Шәкіртінің табысына қуанды

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде батырдың «Құрмет жұлдызы» жүлдесіне арналған байқау болып өтті.

Білімі мен өнері ұштасқан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Шығыстың ұлы ойшылы Ахмет Яссауидің туғанына 850 жыл толуына орай, «Дінтану» пәні бойынша  жалпы білім беретін мектептер арасында ұйымдастырылған олимпиадаға қатысқан  ұлым Жандос жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

 

Мамыр айында үйленгендер де бақытты

Халық арасында мамыр айында үйленген адамдардың отбасылық өмірі дұрыс болмайды деген түсінік бар. Шынымен де, солай ма?..

«Қазақстан барысының» жүлдесі біз үшін әлі алыс…

немесе биыл да үміттенгенімізбен, күпті көңілдің күдігі басым

Террористік актілерді болдырмау жөнінде халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Көп тыңдағаннан, бір көрген артық

Облыстық мәслихаттың аграрлық және үдемелі индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс тобы Қорғалжын, Атбасар аудандарындағы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеуші кәсіпорындарда болып, жергілікті жерлердегі істің аяқ алысын өз көздерімен көрді, ұсыныс-пікірлерге құлақ түріп, осы орайда біраз жайға қанықты.

Бұл да ерліктің үлгісі еді

Көкшетау қаласында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушылар студент жастармен кездесті.

Тегін пайдаланғанның қадірі болмайды

Бұл арада мен  жерімізді пайдалану туралы айтып отырмын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жер кодексінің түзетулер мен толықтырулар енгізілген төрт нормасына мораторий жариялауы халықтың жағдайын ойлап барып жасалған қадам.  Жер мәселесі қай кезде де өте нәзік,  өзекті  мәселенің бірі болған. Қазіргі таңда оның Қазақстан қоғамын алаңдатып отырғаны да  тегіннен-тегін  емес.

Қазақстандықтар ғана иелік етуге құқылы

Ақмола облысы еліміздегі аграрлық өңірлердің бірінен саналады. Сондықтан, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру мәселесі ақмолалықтарды да толғандыруда.

Мергендер сайысы

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 24 жылдығына  орай, оқу орындары арасында аз калибрлі қарудан нысана көздеуден ашық турнир өтті.

«Өмір» деп жүрек соғады…

 

Биыл қазақ елінің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен өз тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр толмақшы. Осы қысқа мерзім ішінде еліміз небір күрделі кезеңдерді бастан кешті. Соған қарамастан, 

Жастарды қанаттандырған өнер мерекесі

 

«Достар» мәдениет сарайында облыстық  білім басқармасының және өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен екі күнге созылған VII облыстық Ұлттық жастар дельфийлік ойындары өз мәресіне жетті.

 

Ғарышкердің құрметі

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ғарышкер, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының батыры, техника ғылымдарының докторы Талғат Мұсабаев оқытушылармен және студенттермен кездесу өткізді.

Басты назар көктемгі егіске ойысуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Аршалы, Ерейментау аудандарында болып, бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралап көрді, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, көктемгі егісті қысқа мерзімде, ұйымшылдықпен өткізу мәселелерін пысықтады.